1443

Елбасы Мемлекеттік Туды көтеріп, Астана күні мерекесі басталды

Бүгін «Атамекен» этномемориалды кешенінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ел тәуелсіздігінің басты нышандарының бірі - ҚР Мемлекеттік Туын көкке көтеру рәсімі өтті.

Бүгін «Атамекен» этномемориалдық кешенінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ел тәуелсіздігінің басты нышандарының бірі - ҚР Мемлекеттік Туын көкке көтеру рәсімі  өтті. Бұл Астана күнін мерекелеу салтанатының ресми басталғандығын білдіреді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақтың көк туын Сарыарқаның самалына тербелтіп, көкке көтеру үлкен мағынаға ие. Қазақ елінің аспаны түстес көк байрағында алтын күнмен астасқан алып қыран қанат керген. Осынау терең мағыналы нышанда кешегі тарихымыз бен бүгінгі биігіміз, ертеңгі ерен істеріміз түгел тоғысқан. Біз жыл сайын тұғыры биік туымызды көтерген сәтте Отан шебін қорғауға кіріскен ұландарға әскери шендерін табыс етеміз. Бұл келбеті келіскен, қайраты толысқан жауынгерлерге атаның аманаты, ананың ақ тілегі болып саналады. 

Шара барысында еліміздің бірқатар әскери жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған түлектер Елбасы қолынан әскери шен алып, Отанға адал қызмет етуге ант берді.

Айта кетейік, ертең күллі қазақ жұрты Астананың туған күнін сән-салтанатымен атап өтеді. 3 күн мерекеленетін атаулы датада ресми, әрі қайталанбайтын 30-ға жуық мәдени-спорттық шаралар өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109