1513

"Астана самалы" халықаралық фестивалі 5 үрмелі оркестрді біріктірді

Қазақстанның үздік үрмелі оркестрлерінің плац-концерті бүгін астаналықтардің көңілін көтерді. Барабан даусы мен керней үні жиналған көпшіліктің бойына қан жүгіртіп, ауа райының қолайсыздығын да сездерген жоқ.

Қазақстанның үздік үрмелі оркестрлерінің плац-концерті бүгін астаналықтардың көңілін көтерді. Барабан даусы мен керней үні жиналған көпшіліктің бойына қан жүгіртіп, ауа райының қолайсыздығын да сездірген жоқ. 

«Мұндай фестивальдер айтулы мерекеде халыққа айрықша шаттық сыйлайтынын көзіміз көріп жүр. Музыканттардың өзі жұртшылықтың арасына келіп, түрлі әуендерді ойнауы өте жақсы дәстүр. Сондықтан бұл фестиваль барлық қазақстандық музыканттар үшін үлкен маңызға ие. Менің ойымша, фестивальдің шығармашылық ғұмыры зор. Алдағы уақытта ол бұдан да кең сұранысқа ие болып, әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар жинайтын болады»,-деп пікір білдірді astana.kz  сайтына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік үрмелі оркестрінің дирижері Александр Беляков.

Мұндай фестивальдер әлемде кеңінен өткізіледі. Оған деген адамдардың қызығушылығы да ерекше.

«Бүгін өнердің ерекше жанры дефиле өтеді. Ол тек үрмелі оркестрге ғана тән. Өйткені, кез келген басқа оркестр бір мезгілде ойнап, билеп, түрлі көркем мәнерлер жасай алмайды. Менің ойымша, өнер жанры ретінде Қазақстанда  дефиленің болашағы зор!» - деп санайды А. Беляков.

Биылғы жылы фестивальге Түркияның  «Мехтер»  әскери-этникалық үрмелі оркестрі алғаш рет қатысып отыр. Бұл барлық армиялық оркестрлердің түп атасы болып саналады. 

Мерекелік дефиле Қазақстан мен алыс, жақын шетелдердің  үздік үрмелі оркестрлерін бір сахнаға жинады.  Фестивальдің репертуарлары да халықтың жүрегіне жақын, әр көрермен өзіне керектісін қалап ләззат алатындай, іріктіліп таңдалған. 

Плац- концерт Астананың 15 жылдық мерейтойындағы айырықша іс-шара болды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109