1758

Еліміздің жастары «Экстрим толқыны» спорттық іс-шарасында думанды қыздырды

Жыл сайынғы урбан-мәдениеті паркур, брейк-данс, скейтборд, стритбол және граффити әуесқой топтарының басын қосты. Биылғы жылы ең пластикалық спортшылар қатарында қыздар да қатысты.

Бүгін Астананың туған күні құрметіне «Астана Мега орталығы» СОО алаңында «Экстрим толқыны» спорттық іс-шарасы өтті. Оны Астана қаласы әкімдігі мен қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы ұйымдастырды. 

Жыл сайынғы урбан-мәдениеті паркур, брейк-данс, скейтборд, стритбол және граффити әуесқой топтарының басын қосты. Биылғы жылы ең пластикалық спортшылар қатарында қыздар да қатысты.

«Экстрим толқыны» спорттық іс-қимыл жаттығуы Астана күні аясында дәстүрлі түрде бесінші жыл өткізілуде. Іс-шараға тек елордадан ғана емес, басқа қалалардан да жастар субмәдениетінің ең үздік өкілдері тартылды. Бүгін бізге Павлодардан, Қарағанды мен Қостанайдан, Жезқазғаннан жас жігіттер мен қыздар келіп отыр. Жастардың бос уақыттарын мәнді өткізуге өзіндік үлесі зор жаңа спорт түрінің жанкүйерлері жыл өткен сайын көбейе түсуде», - деп ойын бөлісті astana.kz  сайтына қаланың аға жаттықтырушысы Михаил Нохай.

Ол спорттың айырықша түрі ретінде Азия ойындары бағдарламасына енгізіліп, қарқынды дамуға бет алуда. Спорт пен салауатты өмір салтын ұстаушы әуесқойлар таңертең ертемен жарысқа дайындалды. Түске таман алаңда 300-ге тарта адам жиналды. Олардың арасында ересек бишілер де, балалар мен жасөспірімдер де жетерлік еді.

«Биылғы жыл жаңашылдығымен ерекшеленіп отыр. Бізге стрит воркаут жігіттер қосылды. Оларды  -  «турник-менами» деп те атауға болады. Олар көбіне аулада жаттығып, денелерін шынықтырады», - деді іс-шараны ұйымдастырушы Айдар Өтешев.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жобаға қатысушылар алаңды думанға толтырып, көңіл күйді көтере білді. 

Фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйлықтар мен соңғы үлгідегі смартфондарға, үйде жаттығатын спорттық жабдықтар мен спорттық керек-жарақтарға ие болады.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109