1473

Астана еліміздің жүзеге асқан алғашқы стратегиялық ой-жобасы - Н.Назарбаев

Елордадағы «Астана Опера» опера және балет театрында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астананың 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.

Елордадағы «Астана Опера» опера және балет театрында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен  Астананың 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды алдағы бүкілхалықтық мерекемен құттықтап, Астанасы арқылы елін танитынын айтты.

 «Астана келбеті - ұлт келбеті. Мен «Астананың өркендеуі - Қазақстанның өркендеуі» деп бекер айтқан жоқпын. Ғасырлар тоғысында астанасын ауыстырған халқымыз небәрі 15 жылда осынау мыңжылдық қаланың берік іргетасын қалады.  Он бес жыл  ғана бұрын бүкіл еліміз үшін ұлттық тарихтың жаңа кезеңі басталды. Оны шын мәнісінде Астананың ұлы дәуірі деп атауға болады», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы елордамыздың қазіргі Қазақстанның дамуында атқаратын ғаламат рөлінің бүгінде барлығы үшін айдан анық екенін атап өтті. «Бұл туралы сарапшылар да, қарапайым адамдар да айтып жатыр. 15 жыл бұрын астананы ауыстырудың тағдыршештілігіне күмәнмен қарағандар да мойындауда. Айрықша атап айтқым келетіні, сол кезде бізді қорқытуға тырысқан жағымсыз болжамдардың ешбірі де орындалған жоқ. Табиғаттың, саясаттың, экономиканың – барлығының өкпек желіне қарамастан, небәрі 15 жылда Астанамыз аяғына нық тұрып қана қойған жоқ. Ол шет-шегі жоқ байтақ даладағы алып шамшырақ тәрізді барша қазақстандықтарға өсіп-өркендеудің тура жолын көрсетіп келеді. Астана елімізге қуатты пассионарлық серпін берді. Ол  Қазақстанның көпұлтты халқына өзінің ортақ тарихи тағдырының бірегейлігін сезінуіне, өз күшіне сенуіне септігін тигізді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Біздің елордамыздың аты қазірдің өзінде жаһандық тарихқа енді. Онда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ХХІ ғасырдағы тұңғыш саммитіне арналған беттер бар. Астана әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін, Мемлекеттер басшыларының саммиттерін, қысқы Азия Ойындарын,  өзге де көптеген халықаралық форумдарды өткізді», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы Астана еліміздің жүзеге асқан алғашқы стратегиялық ой-жобасы екенін атап өтті.

Қазақстан Президентінің ресми сөзінен кейін астананың 15 жылдығы құрметіне  мерекелік концерт  қойылды. «Астана Опера» МОБТ сахнасында Қазақстанның халық әртістері, Еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ, «Серпер» домбырашылар ансамблі мен «Astana Ballet» хореографиялық ұжымы өнер көрсетті.

Мерекелік кештің соңында Сүндет Байғожин Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған Т.Мұхамеджановтың әні «Менің қаламды» орындады. Одан кейін кешті барлық концертке қатысушылармен бірге Азамат Жылтыркөзов «Жаса Қазақстан - жаса Нұрсұлтан» композициясымен аяқтады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109