1242

«Аялаған Астана» байқауының жеңімпазы Болат Батырбаев Балалар Жаңа толқыны-2013-ке барады

Республикалық «Аялаған Астана» байқауы елорданың 15 жылдық мерейтойы құрметіне ұйымдастырылды. Бұл шығармашылық бәсеке Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.

Республикалық «Аялаған Астана» байқауы елорданың 15 жылдық мерейтойы құрметіне ұйымдастырылды. Бұл шығармашылық бәсеке Ресейдің даңқты продюсері және режиссері  Лина Арифулинаның «Жұлдыздар фабрикасы», «Музыка мектебі», «СТС жұлдыз жағады», «Азулы бала күтуші» сияқты кеңінен танымал концерттер мен телебағдарлама, мюзиклдері негізінде Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. 

Байқауға 8 бен 15 жас аралығындағы жас эстрада әндерін орындаушылар қатысты.

Еске салайық, байқаудың бірінші кезеңі іріктеу туры ретінде Қазақстанның барлық облыс орталықтарында өтті. Аймақтық жарыстарда жеңіске жеткен 12 жеңімпаз «Еуразия» бірінші арнасында 4,5,6 шілдеде тікелей эфирде көрсетілген жартылай финалға қатысуға құқық алды. Айту керек, миллиондаған телекөрермен Қазақстан эстрадасының жаңа жұлдыздары боларлық қауырсын қанаттардың өнерлерін тамашалады. 

Бірінші күні қатысушылар балалық гимнін орындаса, екінші күні - жұлдыздармен дуэт құрды. Ал байқаудың үшінші күні Астана мерекесіне арналды. «Аялаған Астана» қазақстандықтар үшін керемет сыйлық болды. 

Музыкалық жарыстың соңында таланттарын қазақстандық және ресейлік эстраданың хас шеберлері - Роза Рымбаева, Нұрлан Абдуллин, Байғали Серкебаев, Доминик Джокер және басқа да адамдар бағалаған байқаудың жеңімпаздары анықталды. 

Бірінші орын мен көрермендер көзайымы жүлдесін «ЧиПиКи» триосы жеңіп алды. Екінші орын қызылордалық Құралай Мейрамбекке берілді. Үшінші орынды Семейден келген  Балауса Ниязбекова  иеленді. Астана қаласы әкімінің жүлдесі ЖаҺангер Жұмабаевқа бұйырды. Ал, «Аялаған Астана» телевизиялық байқауының бас жүлдесі - гран-при Көкшетаудан келген 13 жасар Болат Батырбаевқа тапсырылды. Енді ол  Артектегі «Балалар Жаңа толқыны-2013» халықаралық байқауында еліміздің намысын қорғайтын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109