911

Елорда аулаларында автокеруен әртістері өнер көрсетеді

Астананың 15 жылдығы мерейтойына 400-ге тарта аула жөндеуден өткізілді. Елорда тұрғындары мен қонақтары бос уақыттарын енді жайлы да таза аулаларында өткізіп, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттайтын болды.

Астананың 15 жылдығы мерейтойына 400-ге тарта аула жөндеуден өткізілді. Елорда тұрғындары мен қонақтары бос уақыттарын енді жайлы да таза аулаларында өткізіп, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттайтын болды. 

Астана қаласында 12 шілдеден бастап Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Жастар саясатының мемлекеттік қорының бастамасы бойынша  «Аула күні» акциясы аясында көңілді де мерекелік автокеруен аулаларды аралайды. 

Автокереуен Сарыарқа, Алматы және Есіл аудандары бойынша жүріп өтеді. 

Бүгін автокеруен өз сапарын Сарыарқа ауданынан бастайды. Мереке Бейбітшілік көшесіндегі 56 үйде 17.00-де қызбақ. 

Тұрғындар мен қонақтар алдында «Трио Z» тобы, «Студент көктемі - 2013»  ауқымды фестивалінің лауреаттары, Маржан Арапбаева, Шоқан мен Сабина, «Bestseller» би ұжымы өнер көрсетеді.

Жас көрермендер  үшін асфальтке сурет салу, ойындар, балалар би кеші ұйымдастырылады; көңілді сайқымазақтар мен күлдіргіштер іс-шараға қатысушыларға шаттық сыйлайды.  «Әкем, анам, мен - тату отбасымыз» спорттық-отбасылық эстафетасы,  футбол және баскетбол турнирі жастар мен үлкендердің думанын қыздырмақ.  Жеңімпаздар мен қатысушыларға  жүлде мен естелік сыйлықтар тапсырылады. Мерекелік іс-шара Астана көгіне ең жақсы тілектер жазып,  шарлар ұшырумен аяқталады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109