2340

Астанада Сулы-жасыл желек жолы жаңартылады

Астананың Сулы-жасыл желек жолы ең бір сәулетті жерлерінің бірі. Көрме залы, гүлзар аймағы бар жаяу жүргіншілер жолы, көгалдар, жасыл желектер, орындықтар, субұрқақтар, бейнелі мүсіндер мен шағын сәулет пішіндері - көздің жауын алады.

Астананың Сулы-жасыл желек жолы ең бір сәулетті жерлерінің бірі. Көрме залы, гүлзар аймағы бар, жаяу жүргіншілер жолы, көгалдар, жасыл желектер, орындықтар, субұрқақтар, бейнелі мүсіндер мен шағын сәулет пішіндері - көздің жауын алады. Осы жылдар ішінде оның саясында сан түрлі салтанаттар мен ресми мерекелер өтіп келді. Күн жылынғаннан бастап, сулы  желек жолы маңына адамдар көптеп жиналады.  Қонақтардың көптеп келуінен оның маңы мен кескін-келбеті  бұрынғысынан көнере бастағандай кейіпке енген. Осыған байланысты биылғы жылы елорда әкімшілігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен сулы-жасыл желек жолын жаңартуды жоспарлауда. Құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы жылдың тамыз айында басталады. Бұған қаражат республикалық бюджеттен бөлінуде. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлім етті. 

Аумағының үлкендігіне және жер көлімінің ауқымдылығына орай сулы-жасыл желекті жаңарту төрт жер теліміне бөлінді. Бұл құрылыс кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Тұтастай алғанда,  32,9056 гектар жер жаңартылады.

 Жобада жасыл желек жолын де жаңарту қарастырылған. Жаңа сулы-жасыл желекжолында жаңа көгалдар мен гүл клумбалары, шыршалар мен ақ қайыңдар, қарағайлар мен жас теректер отырғызылады. 

Көгалдандыру мен жарықтандыру, гүлді көмкерулер, желек жолының жаңа стилистикалық келбетін әсемдейді.  Сондай-ақ, сыртқы операторлық ажарлаулар мен қоғамдық дәретханаларды да ауыстыру жоспарланған.  Диспетчерлік орын құрылғысы мен сыртқы бейнебақылау орнату көзделген. 

Қала құрылысына жауаптылар желек жолының стилистикалық идеясын этиникалық, тарихи және заманауи желілер мен бейнелерге сәйкес үндестіріп өретін болады.  Барлық композиция қазіргі заман құралдарының әлеуетін көрсететіндей, ұлттық нақышқа негізделіп тұрғызылатын болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109