1025

Астанада 2015 жылдан бастап әскери тікұшақ шығарыла бастайды

Арқа төсінде небары бір жылдан астам уақытта бой көтеріп, іске қосылған «Еврокоптер Казақстан инжиниринг» зауыты өз жемісін бере бастады. Тікұшақ құрастырып шығаруды басты мақсат ететін зауыт күні кеше ғана су жаңа әскери тікұшағының үлгісімен таныстырды.

Арқа төсінде небары бір жылдан астам уақытта бой көтеріп, іске қосылған «Еврокоптер Казақстан инжиниринг» зауыты өз жемісін бере бастады. Тікұшақ құрастырып шығаруды басты мақсат ететін зауыт күні кеше ғана су жаңа ЕС 645 Т2 әскери тікұшағының үлгісімен таныстырды.

Тристан Серретта, «Еврокоптер Казақстан инжиниринг» ЖШС атқарушы директоры:

Алғашқыда Германия тікұшақтың негізін жасап, Қазақстанға жіберетін болады. Ары қарай тікұшақ осында құрастырылып шығарылады. Оның қарапайым нұсқасын жасауға 18 ай кетсе, ал күрделі нұсқаларын құрастыруға 2-3 жылдай уақыт керек. Қазір біз мамандардың тәжірибесін арттырып, жұмыс сапасын жақсартуға күш жұмсаудамыз. Өйткені алдағы уақытта тікұшақтың толықтай Қазақстанда жасалып шығуын қалаймыз.

Қуаттылығы 1500 аттың күшімен тең тікұшақ салмағы 3 жарым тоннадан асады. Сондай-ақ ол сағатына еш қиындықсыз 268 шақырымды бағындыруға қауқарлы. 30 жылдан астам уақыттан бері әскери салада қолданылып жүрген тікұшақ қар мен жаңбырда, жел мен боранда да әуе кеңістігін бағындырып, түрлі әдіс-тәсілдірді жасауға мүмкіндік береді.

Тристан Серретта, «Еврокоптер Казақстан инжиниринг» ЖШС атқарушы директоры:

Әлемде теңдесі жоқ саналатын бұл тікұшаққа тапсырыс берушілер көп. Оның қуаттылығы сондай, техника емес, адамдар шаршайды. Сондай-ақ оған бірнеше адаммен қатар 1500 келі жүк сияды. 

Бүгінде түпнұсқасымен ғана танысуға болатын әскери тікұшақ 10 шақты адамға шақталып жасалған. Әзірге зауытта 40 адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта мамандардың санын 60-қа дейін жеткізу жоспарлануда. Ал, 2015 жылға тәман құрастырылған тікұшақ пайдаға беріле бастайды деп күтілуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109