1134

Астанада ресейлік оқытушылар мектепке дейінгі жастағы балалардың дене дамуы жөніндегі семинар өткізеді

19-20 қарашада Астанада №32 «Балдаурен» бала бақшасында қалалық мектепке дейінгі білім мекемелерінің медицина және дене шынықтыру қызметкерлеріне арналған «Мектепке дейінгі балалардың дене дамуы» тақырыбында семинар ұйымдастырылады. Бұл туралы astana.kz сайтына Білім басқармасынан хабарлады.

19-20 қарашада Астанада №32 «Балдаурен» бала бақшасында қалалық мектепке дейінгі білім мекемелерінің медицина және дене шынықтыру қызметкерлеріне арналған «Мектепке дейінгі балалардың дене дамуы» тақырыбында семинар ұйымдастырылады. Бұл туралы astana.kz сайтына Білім басқармасынан хабарлады.

Іс-шара барысында теориялық және практикалық сабақтар өткізіледі. Теориялық бөлімде «Балаларды шынықтыру», «Балалардың қозғалыс белсенділігі», «Балалардың дене дамуы», «Жүзу бассейіндеріне қойылатын гигиеналық талаптар» және т.б. тақырыптарда 1-2 сағаттық дәрістер оқылады. Практикалық сабақтарда жалпы дамыту жаттығулары, күшті, келісімділікті, иілгіштікті дамытуға бағытталған жаттығулар жасалып, ойындар мен эстафеталар ұйымдастырылады.

Семинарды П.Ф. Лесгафт атындағы Ұлттық мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және денсаулық университетінің (Санкт-Петербург) педагогтары  - медицина ғылымдарының докторы, профессор, алдын алу медицинасы және денсаулық кафедрасының меңгерушісі Роза Цаллагова, гимнастика кафедрасының доценті, көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Екатерина Пирожкова және баскетболдан Ресейдің еңбек сіңірген бапкері Олег Сгонников өткізеді. Сондай-ақ, семинарға Олимпиада чемпионы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ольга Шишигина да қатысады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109