1105

Астанада алғаш рет қазақ халқының өнерінің екі көрмесі өтеді

20 қарашада алғаш рет Астана қаласының Қазіргі заманғы өнер мұражайында «Қазақ халқының зергерлік өнері балалардың жүрегін жаулайды» көрмесі және белгілі суретші - жаңғыртушы Қырым Алтынбековтың «Сақтар мен скифтердің өнері қазіргі заманда» атты жеке көрмесі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына Қазіргі заманғы өнер мұражайынан хабарлады.

20 қарашада алғаш рет Астана қаласының Қазіргі заманғы өнер мұражайында «Қазақ халқының зергерлік өнері балалардың жүрегін жаулайды» көрмесі және белгілі суретші - жаңғыртушы Қырым Алтынбековтың «Сақтар мен скифтердің өнері қазіргі заманда» атты жеке көрмесі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына Қазіргі заманғы өнер мұражайынан хабарлады.

«Қазақ халқының зергерлік өнері балалардың жүрегін жаулайды» көрмесіне 11 отандық зергер қатысады, 600 жуық әр алуан бұйым ұсынылады. Атап айтқанда, әйелдердің, ерлердің және балалардың әшекейлері, қару-жарақтар, әйелдер мен ерлердің белдіктері, тұрмыстық заттар және т.б. Көрмеде Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларының суретшілері өз еңбектерін көпшіліктің назарына ұсынады. Қырым Алтынбековтың жеке көрмесіне сақ дәуірінің көптеген тұрмыстық заттары шығарылады. Қырым Алтынбеков - суретші-жаңғыртушы, ҚР Суретшілер одағының мүешсі, Лувр қаласында (Париж, Франция) сынақ ісінен өткен. Б.з.д. ІV-ІІІ ғғ. Сақ мәдениетінің ұлы ескерткіштері - Есік қорғанынан табылған «Алтын адам», Аралтөбедегі «Сармат көсемі», Түркістанда Ахмет Яссауи кесенесінің артефактілерін қалпына келтіріп, жаңғыртып, түрлі дәуірдің және мәдениеттің мыңдаған олжасын жандандырған. Суретші еңбектерінің түпнұсқалары Қазақстанның ірі мұражайларында сақталуда, ал қайта жасаған бұйымдары Қазақстанның өзіндік бейнесін қалыптастыруға үлес қосты.

Шеберлер қолмен жасаған бұйымдары арқылы қазақ халқының зергерлік өнерінің құпиясын жеткізеді. Бұл әшекейлер жай сән элементтері ғана емес, сонымен қатар, өскелең ұрпаққа көшпенділердің өмірі туралы да әңгімелейді. Бұдан басқа, 21 және 22 қарашада зергерлер қалалық суретшілер мектептерінің оқушыларына арнап тегін шеберлік сыныптарын өткізеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109