996

ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай 300 жуық елордалық оқушы патриоттық акцияға қатысады

21 қарашада 300 жуық елордалық оқушының қатысуымен «Болашаққа қадам бас» ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған патриоттық акция өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына іс-шараны ұйымдастырушылар хабарлады.

21 қарашада 300 жуық елордалық оқушының қатысуымен «Болашаққа қадам бас» ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған патриоттық акция өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына іс-шараны ұйымдастырушылар хабарлады. 

Патриоттық акцияның тұсаукесерін «Адам бол» жастар бірлестігінің көшбасшылары өткізеді. М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының концерт залында шығармашылық ұжымдар мен «Сөз маржаны» қалалық байқауының  жеңімпаздары «Елбасым- мақтанышым!» атты әдеби музыкалық композициясын көрсетіп, «Жаңа ұрпақ - жаңа мақсаттар» атты қалалық флеш-моб байқауының жеңімпазы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп гимназиясының «Алға Қазақстан!» командасы өз өнерлерін ортаға салады. Бұдан басқа, акция аясында мектеп оқушыларына арналған көшбасшылық қасиеттерді дамыту бойынша интерактивті тренингтер ұйымдастырылады. Іс-шараға 8-11 сынып оқушылары қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастар еліміздің дамуына белсене ат салысуы тиіс.

Аталған акция келер жылы әрекет ететін ұзақ мерзімді жоба болып табылады. Жоба шеңберінде жастар бірлестігінің көшбасшылары қайырымдылық іс-шараларын, патриоттық акциялар, байқаулар мен түрлі викториналар өткізеді. Акцияның мақсаты жастардың бойында көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу және қазақстандық патриотизмді дамыту болып табылады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109