1323

Елордада «көшбасшы оқушының» есімі белгілі болды

Сөзден іске көшетін заманда білімді шырақ еткен жас қана мыңды жеңеді. Елордада осындай 10 жас білім сайысына түсті. Қаладағы «Оқушылар сарайында» ұйымдастырылған байқауда бақ сынауға қаланың 83 мектебінен 221 оқушы, ал, 17 колледжден 47 студент ниет білдірген. Алайда, 10 қатысушы ғана ақтық мәреге жолдама алды.

Сөзден іске көшетін заманда білімді шырақ еткен жас қана мыңды жеңеді. Елордада осындай 10 жас білім сайысына түсті. Қаладағы «Оқушылар сарайында» ұйымдастырылған байқауда бақ сынауға қаланың 83 мектебінен 221 оқушы, ал, 17 колледжден 47 студент ниет білдірген. Алайда, 10 қатысушы ғана ақтық мәреге жолдама алды.  

Әсима Бимендина, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы:

Жеңімпаз бір айға Англияға демалуға, оқуға барады. Одан бөлек өзіміздің дайындаған сыйлықтарымыз бар. Басқа балаларға ноутбук, дипломдар  мен сертификаттармен марапатталатын болады. Сондықтан барлық балаларды атап өтеміз деп ойлаймын.

«Білекті – бірді, білімді – мыңды жығар». Бұл нақылды мықтап құлағына құйған Шыңғыс бірде-бір байқауды айналып өтпегенін айтады. Осыған дейін кейіпкеріміз Абай оқуларының жеңімпазы атанып, үстел теннисі сынды спорт сайыстарынан ешкімге дес бермеген. Енді ол көшбасшы оқушы атану үшін де аянып қалар емес.

Шыңғыс Аймағанбет, №38 мектеп-лидейдің 10-сынып оқушысы:

Көшбасшы деген қазіргі заманда тек қана білімді, өнерлі емес, ол өзінің артынан адамды ерте алатын, тек қана алдыда жүретін адам. Ғалымдардың пайымдауынша, қазіргі таңда көшбасшыға керек 50 қасиет бар екен. Сондықтан жастар бәсекеге қабілетті болуы керек.

«Елордалық білім беру мекемелерінің көшбасшы оқушысы» байқауы биыл екінші рет ұйымдастырылды. Айта кету керек, бұл сайыс Тұңғыш Президент күніне орай өткізілуде. Биыл білімділер сайысында №50 Қазғарыш мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Назгүл Дүйсенбаева жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, бас жүлдені жеңіп алды.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109