1030

Елордада ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай ғылыми-практикалық конференция өтеді

ҚР Тұңғыыш Президентінің күні қарсаңында елорда әкімдігі «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - тәуелсіз мемлекетіміздің нышаны» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Іс-шарада Парламент және қалалық мәслихат депутаттары бас қосады.

ҚР Тұңғыыш Президентінің күні қарсаңында елорда әкімдігі «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - тәуелсіз мемлекетіміздің нышаны» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Іс-шарада Парламент және қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, көрнекті ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бас қосады.

Конференцияның мақсаты - ҚР Тұңғыш Президентінің мемлекеттің қалыптасуындағы, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды сәтті жүргізудегі, сонымен қатар, елімізде бейбітшілік пен келісімді, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін талқылау; тәуелсіз мемлекетіміздің тұрақты дамуының фундаменті болып табылатын Елбасы Н.Назарбаевтың саясаты мен идеяларына қоғамды шоғырлау болып табылады.

«Егеменді Қазақстанның негізін салудың және нығайтудың тарихи миссиясы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Оның жетекшілігімен кең ауқымды құқықтық, экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүргізілді. Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы Президент барша қазақстандықтар мойындаған және халықаралық қоғамдастық тарапынан құрметке ие болған жаһандық бастамалардың авторы», - дейді ұйымдастырушылар.

«Дүние жүзінде қандай да болмасын мемлекеттің гүлденуін тікелей бір ғана адамның есімімен байланыстыратын жағдайлар сирек кездеседі. Әдетте, бұл ерекшеліктерінің арқасында қоғамдық күшті жаңа мемлекеттің негізін қалауға және оған әлемдік ынтымақтастықта лайықты орынды қамтамасыз етуге бағыттаған танымал тұлғалар. Конференцияның өзектілігі еліміздің Тұңғыш Президентінің саяси қызметін зерттеу маңыздылығы және президент институты бекітіліп, әрекет еткен жылдары орын алған негізгі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық оқиғалардың мәнін түсіну болып табылады», - деп атап өтті ұйымдастырушылар. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109