951

Елордада 2016 жылы интеллектуалды көлік жүйесі енгізіледі

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласын одан әрі дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Кеңес барысында талқыланған мәселелердің бірі - Астанада көлік санының көбеюі болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласын одан әрі дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Кеңес барысында талқыланған мәселелердің бірі - Астанада көлік санының көбеюі болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.  

Астанада көлік санының көбеюі проблемасы артып келеді. Мемлекет басшысы француздық компаниялармен елордада жеңіл рельсті көлікті іске қосуға қатысты келіссөздер жүргізілгенін айтты.

«Олардың тарапынан тым жоғары баға, 300 млрд.-тан астам теңгеге ұсыныс болды, ол біздің көңілімізден шыққан жоқ. Сондықтан қала әкімдігі жоғары жылдамдықтағы автобус бағыттарына арналған жолақтар бөлу түріндегі балама нұсқаны қарастыруды ұсынып отыр. Бұл жобаның бірінші кезегі әлдеқайда аз шығынды қажет етеді, сондықтан оны енгізумен айналысу жөнінде шешім қабылданды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кеңес барысында Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетов интеллектуалды көлік жүйесінің әзірленуі туралы хабардар етті. Ол 2016 жылы енгізіледі және қаладағы барлық көлік ағынын автоматты режімде реттеуге мүмкіндік беретін болады. Сондай-ақ, Астана қаласының әкімі 1-Жылу-энергия орталығын қайта жөндеуден өткізу және 2-Жылу-энергия орталығы құрылысының  барысы туралы баяндады.

Кеңес қорытындысында Мемлекет басшысы елорданы одан әрі дамытуға, қаланы абаттандыруға және жылу беру маусымын ойдағыдай өткізуге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.      

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109