3032

Астанадағы №38 мектеп-лицейі IQC 100 конвенциясының алтын жүлдесін иеленді

Бүгін сөзден іске көшетін заман. Ендеше, келешек ұрпақ саналы, білімді болуы керек. Жеткіншектерді тәрбиелеп, қанатын қатайтуда Астанадағы №38 мектеп-лицейінің еңбегі зор. Аталған білім ошағының жұмысын шетелдіктер де жоғары бағалады.

Бүгін сөзден іске көшетін заман. Ендеше, келешек ұрпақ саналы, білімді болуы керек. Жеткіншектерді тәрбиелеп, қанатын қатайтуда Астанадағы №38 мектеп-лицейінің еңбегі зор. Аталған білім ошағының жұмысын шетелдіктер де жоғары бағалады. 

Жамал Қасымбек, Астана қаласы №38 мектеп-лицейінің директоры:

Осыдан екі ай бұрын Испаниядан шақырту қағазын алдық. Білім саласындағы көшбасшы қызметтер, жаңа технология, оқушылар мен ата-аналардың қалаған сұраныстарын жоғары деңгейде қанағаттандырғандарыңыз үшін «Алтын» тәжбен марапаттады.

Сапаны дамыту және инновация жөніндегі Халықаралық BID компаниясының байқауында аталған мектеп IQC «Алтын» санатындағы жүлдені жеңіп алды. Елордадағы «Үзік мектеп», «Көшбасшы мектеп» сынды байқаулардында жеңістің алдын бермейтін білім ошағына артылар жауапкершілік еселене түсті.

Жамал Қасымбек, Астана қаласы №38 мектеп-лицейінің директоры:

Қала әкімі білім саласына өте үлкен қамқорлық көрсетеді. Ол кісінің ұстаздарға ықыласы өте ерекше. Сондықтан әрбір «Үздік мектепті» жеңіп алған сайын ұстаздарды ұлықтап, жеке грантын береді. Өткен оқу жылында қала әкімі «Көшбасшы мектеп» деген атақ берген. Сол атақтың да біз үшін салмағы өте ауыр. Оның үстіне, Еуропадан «Алтын тәжді» алып келген соң ... жұмыс жасаймыз.

Бүгінде мектепте 1500 оқушы білім алады. Оларға тәжірибелі, білімді 90 педагог дәріс береді. 2012-2013 жылғы оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздік мектеп» атанып, «Көшбасшы мектеп» жүлдесін жеңіп алған. Ал, айтулы шараға орай ұйымдастырылған кеште ұстаздар қауымы мен шәкірттеріне арнайы мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109