734

Астанада автокөліктегі өрттің алдын алуға бағытталған акция өтеді

Елордалық құтқарушылар бір ай бойы автокөліктердің өртенуінің алдын алуға бағытталған акция өткізеді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес биыл Астанада автокөліктердегі өрттердің саны артып, 173 көлік өртенген. Осыған байланысты, Астана қаласы ТЖД автокөліктердегі өрттің алдын алуға бағытталған бірқатар үгіт-нсихат іс-шараларын жүргізуді қолға алды.

Елордалық құтқарушылар бір ай бойы автокөліктердің өртенуінің алдын алуға бағытталған акция өткізеді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес биыл Астанада автокөліктердегі өрттердің саны артып, 173 көлік өртенген. Бұл туралы astana.kz сайтына ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, автокөліктің өртенуінің басты себептерінің қатарына қысқа тұйықталу, жылыту жүйесінің ауытқуы мен отты абайсыз қолдану жатады.

«Астана қаласы бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2013 жылы автокөліктердегі өрттердің саны өскені байқалады. Осылайша, жыл басынан бері Астана қаласында 173 өрт орын алған. Материалдық залалдың көлемі 12 млн.теңгеден асқан»,- делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осыған байланысты, Астана қаласы ТЖД Сарыарқа аудандық ТЖБ мен Астана қаласы ӘПБ бірлесіп автокөліктердегі өрттің алдын алуға бағытталған бірқатар үгіт-нсихат іс-шараларын жүргізуді қолға алды. Атап айтқанда, Басқармалардың өкілдері мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері көліктердегі өрттің алдын-алуға бағытталған үгіт-насихат парақшаларын таратты.

Сонымен қатар, автокөлік иелері көп жиналатын ғимараттарда (мамандандырылған автокөлік ХҚКО, көлік құралдарын тіркеуге қою орындарында) арнайы плакаттар ілінген. Осы орындарда өрттің алдын-алуға бағытталған бейнематериалдар көрсетіледі. Автокөліктердегі өрттердің алдын алуға бағытталған іс-шара 12 желтоқсанда басталып, үстіміздегі жылдың соңына дейін жалғасады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109