834

Мереке күндері жарақат алғандарға уақытылы көмек көрсетілді

Тойдың болғанынан боладысы қызық. Сол айтпақшы, айлап күтіп, әп-сәтте келген Жаңа жылды көпшілік отбасында, ошақ қасында қарсы алды. Ал, астаналық дәрігерлер мен жол сақшылары жұмыс орындарынан табылып, күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді.

Тойдың болғанынан боладысы қызық. Сол айтпақшы, айлап күтіп, әп-сәтте келген Жаңа жылды көпшілік отбасында, ошақ қасында қарсы алды. Ал, астаналық дәрігерлер мен жол сақшылары жұмыс орындарынан табылып, күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді.  

Айқын Жексенбаев, Астана қаласы Орталық жол ауруханасының травматолог-дәрігері:

2013 жылдың соңы 2014 жылдың басында біздің жарақат-жәрдем пункті қалыпты тәртіпте жұмыс істеді. Айтарлықтай ерекше ауыртпашылық, не жарақаттың азаюы, көбеюі болмады. Негізгі басымдылығы көше және тұрмыстық жарақаттың үлесіне тиді. 30 астам криминалды жарақат тіркеуге алынып, тиісті жерлерге хабар берілді. Жарақат алғандардың ішінде әйел адамдарға қарағанда ерлер басымырақ.

Мереке күндері Орталық жол ауруханасына көше жарақатын алған 400 астам адам жүгінген. Одан бөлек тұрмыстық жарақат алған 106 Астана тұрғынына алғашқы көмек көрсетілген. Ал, пиротехниканы қолдану кезінде асығыстық танытып, не техникалық талапты дұрыс орындамау салдарынан 25 пен 40 жас аралығындағы 5 ер азамат зардап шеккен.

Айқын Жексенбаев, Астана қаласы Орталық жол ауруханасының травматолог-дәрігері:

Әдетте жылда пиротехниканы пайдаланатын адамдар көптеп кездесетін. Биыл оның салдарынан 5 адам зардап шекті. Олар негізінен орта жастағы азаматтар. Біреуінің ғана жағдайы ауырлау болды, екі саусағын ампутация жасауға мәжбүр болдық. Қалғандары жеңіл жарамен жағдайдан шықты.

Жаңа жыл өткенімен, қыстың аяқталуына әлі ерте. Сондықтан дәрігерлер көшеде мұқият болып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109