1154

2017 жылға дейін Астана аумағының 40% жуығы орман-тоғай болады

«Астана Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу уақыты жақындаған сайын елорда экологиялық қалаға айналып, жас көшеттерді көптеп отырғызып жатыр. 2017 жылға дейін Астана аумағының 40% жуығы орман-тоғай болады.

«Астана Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу уақыты жақындаған сайын елорда экологиялық қалаға айналып, жас көшеттерді көптеп отырғызып жатыр. 2017 жылға дейін Астана аумағының 40% жуығы орман-тоғай болады. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Бас жоспарымен таныстыру барысында мәлім болды.

«Қаланың аумағы, әкімшілік шекарасы - 71 000 гектар, қараша айында жас көшеттер отырғызу ұсынылды, бұл бас жоспарға қосымша. Атап айтқанда, бүгінде қала аумағында және одан тыс жерлерде орналасқан табиғи парктер мен орман-тоғайлар. Бұл осының жалғасы, бұл ағаштар орман-тоғайларға, жүйелі парктерге ұласатын болады»,- деді Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Виталий Силецкий astana.kz сайтына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қалада негізгі 7 магистраль бар, ал көшеттер солардың арасына Есіл өзенінің арнасына дейін отырғызылады. Бұл елорданы экологиялық әрі жайлы қалаға айналдырады.

«Қазіргі уақытта 14 мың гектар жерге жас көшеттер отырғызылды, бұл көрсеткіш 32 мың гектарға жеткізілмек, ал барлық құрамдас бөліктер кіретін аумақ 38 мың гектарды құрайды. Нәтижесінде, 35-тен астамын, жердің 40% жуығын табиғи парктер, орман-тоғайлар алатын болады», - деді astana.kz сайтына ведомство басшысы Виталий Силецкий.

Айта кетейік, жас көшеттер отырғызу және орман-тоғайлар жасау Астана қаласы бас жоспарын дамыту мен түзетудің басты үрдісі болып табылады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109