1081

Ерлігі ел есінде қалған қолбасшы

Ылғалды сақтайтын 20 астам қондырғы, ондаған жарық көзі мен бейнекамералар. Астанада ашылған «Наполеон. Өмір, аңыз» көрмесі еліміздің ғана емес Франция тарапынан да жіті бақылануда. Өйткені 200 жылдық тарихтан сыр шертетін жәдігерлердің қолды болуы ғана сақталуы да қатаң ескерілген.

Ылғалды сақтайтын 20 астам қондырғы, ондаған жарық көзі мен бейнекамералар. Астанада ашылған «Наполеон. Өмір, аңыз» көрмесі еліміздің ғана емес Франция тарапынан да жіті бақылануда. Өйткені 200 жылдық тарихтан сыр шертетін жәдігерлердің қолды болуы ғана сақталуы да қатаң ескерілген.  

Фахриддин Омарханов, «Тәуелсіздік сарайының» кіші ғылыми қызметкері:

Алып келуінен бастап алып кетуіне дейін барлық заттар қатаң бақылау үстінде. Бұл тек қана біздің мемлекетіміздің тарапынан емес, Франция Елшілігі тарапынан да бақылауда. Бөлмелердегі климатты арнайы құралдармен өлшеп, барлығын күнде қағазға жазып отырамыз. Сосын әр апта сайын Елшілікке, Францияға, көрмені ұйымдастырған ұйымға мәліметтер береміз. 

9 бөлімнен тұратын экспозицияда XVIII ғасырға тиесілі 300 жуық жәдігер бар. Оның ішінде атақты императордың заңнамалары, жеке заттары, патша сарайында қолданылған бұйымдар мен отбасылық мұрағаттың түпнұсқасы қойылған.

Фахриддин Омарханов, «Тәуелсіздік сарайының» кіші ғылыми қызметкері:

Картиналар мен кітаптар ылғалдылық жетпесе, тез арада құрғап кетеді. Картиналар тек ғана майлы бояудан емес басқа да қоспалардан тұрады. Сүртуге болмайды. Тек қана шыны витриналарды құрғақ шүберекпен не ешқандай химиялық қоспасы жоқ сумен сүртуге ғана рұқсат. 

19 желтоқсанда ашылып көрмені бүгінге дейін 2000 астам адам тамашалаған. Адамзат тарихындағы ұлы қолбасшылардың бірі, француз ұлтының мақтанышы Наполеон Бонапартқа арналған көрме 23 ақпанға дейін жалғасады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109