1052

Астанада 200 шақырымдық әскери техникалар маршы басталды

Елордада әскерлердің 2014 оқу жылындағы жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес автокөліктердің үшкүндік маршы басталды. Бұл туралы astana.kz сайтына ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Елордада әскерлердің 2014 оқу жылындағы жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес автокөліктердің үшкүндік маршы басталды. Бұл туралы astana.kz сайтына ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жауынгерлік жорыққа 37 машина тартылды. Шартты ауданға белгіленген уақытта жеткен олар қысқа мерзім ішінде жеке құрамның жауынгерлік дайындығы мен тұрмысын қамтамасыз ететін барлық қажетті элементтерден: медициналық пункті, мәдени-демалыс орталығы және т.б. нысандардан тұратын далалық лагерь құрды. Бұл жолы автокеруен жасайтын марштың ұзақтығы 200 шақырымды құрайды.

Сонымен қатар, далалық жағдайда төрт модульді штабтық машина сынақтан өткізілді. Бұл жауынгерлік құрылғы Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде әзірге Қазақстанда ғана бар. Кешен Қазақстан әскерінің иелігіне 2012 жылы түскен болатын.

Іс-шараны өткізудің негізгі міндеттерінің бірі - әскери қызметшілердің әскери техниканы жүргізудегі техникалық машықтарын жетілдіру болып табылады. Үш күндік техникалар маршы 11 қаңтарда аяқталады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109