973

Астаналық ғалым мыңжылдықтың ең күрделі математикалық тапсырмаларының бірін шешті

Астаналық профессор Мұхтарбай Өтелбаев «мыңжылдық проблемаларының» қатарына жататын ең күрделі жеті математикалық тапсырмалардың бірін шешті.

Астаналық профессор Мұхтарбай Өтелбаев «мыңжылдық проблемаларының» қатарына жататын ең күрделі жеті математикалық тапсырмалардың бірін шешті. Оған дейін осындай жетістікке Пуанкаре гипотезасын дәлелдеген Григорий Перельман ғана қол жеткізген болатын , деп хабарлады Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасөз қызметінен.

Мұхтарбай Өтелбаев, профессор, ҚР ҰҒА физика-математика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Еуразиялық математика институтының директоры Мұхтарбай Өтелбаев «Новье-Стокс теңдеулерінің мықты шешімінің болуы» атты еңбегін аяқтап, ашық басылымда жариялады.

Бұл еңбектің маңыздылығы - аталмыш проблема «мыңжылдықтың проблемасы» деп аталатын 7 ең күрделі математикалық есептердің қатарына енген. Айта кетейік, осы проблемалардың әрқайсысын шешуде Клэй математикалық институты 2000 жылдың басында 1 миллион АҚШ долларын бәйгеге тіккен болатын. Қазіргі уақытта мыңжылдықтың жеті проблемасының тек біреуі ғана (гипотеза Пуанкаре) шешімін тапқан. Оның иесі - Григорий Перельман, ол Филдсовский сыйлығына ие болған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұхтарбай Өтелбаевтың ғылыми қызығушылық саласына функционалдық анализ және оның қолданыстары, дифференциалдық операторлардың спектрлік теориясы, функционалдық кеңістік теориясы, есептеу математикасы, шекаралық есептердің жалпы теориясы кіреді.

Мұхтарбай Өтелбаев - 2002 ж.; 2002-2003 жж. мен 2004-2005 жж. «Алтын адам» байқауында («Ғылым» номинациясы бойынша «Жыл адамы») «Жылдың ғылыми қайраткері» атағының иегері, ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері, «Ғылым мен технологиялар» номинациясы бойынша Экономикалық ынтымақтастықты ұйымы сыйлығының лауреаты, 2004 ж. «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» ҚР БҒМ грантының иегері, ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109