924

Астанада күн сайын 700 мың адам автобуспен жүреді

Елордалық жолаушылар көлігі тәулік ішінде 700 мың адамды тасымалдайды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады. Қалада барлығы 8 автопарк, 941 автобус бар.

Елордалық жолаушылар көлігі тәулік ішінде 700 мың адамды тасымалдайды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.

«Қалада барлығы 8 автопарк, 941 автобус бар. Біз тәулігіне 669 мыңға жуық жолаушыны тасымалдаймыз. Бұл өте жақсы көрсеткіш, біздің жоспарымыз - 2017 жылға дейін оны бір миллион екі жүз мыңға жеткізбекпіз, яғни 2 есе арттыруды көздеп отырмыз», - деді astana.kz сайтына қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рашид Аманжолов.

Оның айтуынша, биыл Астана газбен жүретін жаңа 350 автобус сатып алады. Олар мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға бейімделетін болады.

«2014 жылы 350 жаңа автобус сатып алмақпыз, соның ішінде 20% 18 метрлік ұзын «гармошка» автобустар. Бәрі де газбен жүреді», - деді Р. Аманжолов.

Еске салайық, мұнымен қоса, Астанада 2016 жылы БРТ (арнайы салынған жолдармен жылдам жүретін бағыттық автобустар) жобасының бірінші желісі жүзеге асырылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109