883

Астанада тұрғын үйлерде 48 жеделсаты ауыстырылады

Елорданың тұрғын үй секторында 48 жеделсаты ауыстырылып, 24-і күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңғыртылуы тиіс. Айта кетейік, бүгінгі таңда Астанада 4 мыңнан астам жеделсаты бар. Жыл сайын бұл көрсеткіш артып келеді.

Елорданың тұрғын үй секторында 48 жеделсаты ауыстырылып, 24-і күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңғыртылуы тиіс. Бұл туралы бүгін қалалық Төтенше жағдайлар департаментінде 2013 жылдың қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ведомство бастығының орынбасары Владимир Овчинников мәлімдеді.

«48 лифті күрделі жөндеуді және ауыстыруды қажет етеді, осы бағытта жұмыстар қолға алынды. Қазіргі уақытта 12 жеделсаты қолданыстан шығарылды. Жеделсатылар негізінен Самарқандта жасалған, қатты тоқтайды, конструкциясы да ескірген. Сондықтан биыл тиісті жұмыстар жүргізіледі. Өткен жылы 12 жеделсаты ауыстырылды, үстіміздегі жылы да осындай жұмыстарды жүргізу көзделген», - деді ТЖД бастығының орынбасары Владимир Овчинников.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Астанада 4 мыңнан астам жеделсаты бар. Жыл сайын бұл көрсеткіш артып келеді. Ведомствоның мәліметтеріне сәйкес, 2006 жылғы қаңтар айында ТЖД 727 жеделсаты тіркелсе, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 4305 құрайды. Яғни, соңғы 7 жылда лифттер саны 6 есеге артқан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109