811

«Астана опера» әлемдік сахналарда өнер көрсетуге дайындалуда

Мақсат айқын, бағындырар белес көп. Бірлігі мен тірлігі жарасқан «Астана опера» Мемлекеттік опера және балет театрының ұжымы небары бір жылдың ішінде жемісті жұмыс атқарды. Арғымақ жылына арнаған асулары да аз емес.

Мақсат айқын, бағындырар белес көп. Бірлігі мен тірлігі жарасқан «Астана опера» Мемлекеттік опера және балет театрының ұжымы небары бір жылдың ішінде жемісті жұмыс атқарды. Арғымақ жылына арнаған асулары да аз емес. Театр алғашқы гастрольін мәдени астана атанып кеткен Алматы қаласынан бастауды жоспарлап отыр.

Төлеген Мұхамеджанов, «Астана опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры:

Алғашқы рет гастрольдік сапарға шаққалы тұрған соң Алматы қаласына баруды қаладық. Өйткені Алматы қаласында қазақтың қара шаңырағы, 80 жылдық тарихы бар Абай атындағы МАОБТ бар. Санкт-Петербургке бармас бұрын сол жақтағы тәлімгерлердің алдынан өтіп, баталарын алуды мақсат еттік. Біз үшін бұл жауапты гастроль. Өйткені Алматы қаласы баршамызды тәрбиеледі.

Бұл сапарға театрдың дайындығы ерекше. Гастрольдік бағдарламада Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы, Борис Эйфманның қойылымындағы «Роден», Шарль Жюдтің қойылымында «Ромео мен Джульетта» балеті сахналанады. Сондай-ақ, айтулы оқиғаға орай өткен баспасөз конференциясында «Астана операның» қоржыны тағы жаңа қойылыммен толығатыны да сөз болды.

Төлеген Мұхамеджанов, «Астана опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры:

Біз енді «Қыз Жібекті» дайындап жатырмыз. «Қыз Жібек» біздің лирикалық эпос. Жүздеген жылдан бері ата-бабаларымыздан келе жатқан мұрамыз. Сондықтан «Қыз Жібекті» ойнау үшін кастинг жасағалы жатырмыз. 18 жастан 32 жасқа дейін сымбатты, талантты қыздарды табуымыз керек. Астанада өзіміздің «Қыз Жібегімізді» тапқымыз келеді. Көрерменге де қызықты болды. Мүмкін, «Қыз Жібек» арқылы қазақтың керемет, талантты әншісін сахнаға әкелерміз. 

Классикалық туындылардың маржаны атанған «Қыз Жібекті» қоюға атақты режиссер Франко Драгоне қызығушылық білдіріпті. Жаңа нұсқада қойылатын қазақтың тұңғыш операсы әсерлі болады деп күтілуде. Ал, театр ұжымы Алматыдан кейін Санкт-Петербург, Лондон, Париж, Нью-Йорк қалаларының әлемдік сахналарында өнер көрсетпек. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109