952

Әскери қызметкер болғысы келетін шәкірттерге жол ашық

Қазір оқушылар қысқы демалыстан кейін оқудың 3-ші тоқсанын бастап кетті. Кішкентай бүлдіршіндер жазғы демалысты күтіп, ата-әжелерінің ауылына аттануға асықса, мектеп бітіретін түлектер болашақ кәсіптерін бағамдап жүрген болар.

Қазір оқушылар қысқы демалыстан кейін оқудың 3-ші тоқсанын бастап кетті. Кішкентай бүлдіршіндер жазғы демалысты күтіп, ата-әжелерінің ауылына аттануға асықса, мектеп бітіретін түлектер болашақ кәсіптерін бағамдап жүрген болар. Бүгін қаладағы ІІД барлық мектеп бітірушілер мен колледж түлектері үшін онлайн жүйесінде интернет-конференция өтті. Онда түлектер ҚР ІІМ-ге қарасты ЖОО-да білім алу жөнінде кеңінен мәлімет алды.

Светлана Бекмұхамедова, Астана қаласы ІІД Кадр жұмысы басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны:

Біз жылда үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз. Өйткені әскери академиялардың барын бірі білсе, бірі біле бермейді. Онда білім алу тегін. 4 жыл казармада жатады. Үш уақыт тамақ, арнайы киім беріледі. Ал, оқуды тәмамдаған соң лейтенант шенін алып, тек мамандандырылған сала бойынша жұмысқа орналасады.  

Былтыр бұл конференция алғаш рет ұйымдастырылды. Онда 200 түлек сұрақ қойып, қызығушылық танытқан. Конференциядан бөлек қоғамдық көліктер мен ХҚКО да үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Ал, әскери академияда білім алу үшін мектеп оқушылары үшін ҰБТ, колледж түлектері үшін ТКТ көрсеткіші жақсы болуы шарт. Ал, бастысы, дене және әскери дайындық, денсаулық, отбасы жағдайына аса ден қойылады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109