906

Еңбек иммигранттарына салынатын салық 2 АЕК құрайды

Астана қаласы бойынша Салық департаментінің хабарлауынша, еңбек иммигранттарына салынатын салық 2 айлық есептік көрсеткішті (3704 теңге) құрайды. Ведомствоның атап өтуінше, еңбек иммигрантының табысы рұқсат етілген кезең ішінде жұмыстарды орындаудан түскен кіріс мөлшерінен тұрады.

Астана қаласы бойынша Салық департаментінің хабарлауынша, еңбек иммигранттарына салынатын салық 2 айлық есептік көрсеткішті (3704 теңге) құрайды.  

«Үй шаруасымен айналысатын еңбек иммигранттары салықтық кезең ішінде жеке табыс салығы бойынша жұмыс істеген (қызмет көрсеткен) әрбір ай үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (3 704 теңге) алдын ала төлем жасайды. Алдын ала төлем еңбек иммигрантының орналасқан жері бойынша көші-қон полициясы органдарының рұқсатын алғанға дейін (ұзартқанша) бюджетке төленеді», - деп хабарлады astana.kz сайтына қалалық Департаменттен.  

Жыл соңында көшіп-қонушы жеке табыс салығы сомаларын есептейді. 

Ведомствоның атап өтуінше, еңбек иммигрантының табысы рұқсат етілген кезең ішінде жұмыстарды орындаудан түскен кіріс мөлшерінен тұрады. 

«Салық салынатын табысты анықтау үшін жалпы тапқан табыс сомасынан әр айға заңмен белгіленген бір реттік ең төменгі еңбекақы алынып тасталады, ал қалған сомаға 10 пайыз мөлшерлемесі бойынша жеке табыс салығы салынады», - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, алдын ала төленген салық сомасы іс жүзінде есептелген сомадан төмен болған көшіп-қонушылар ғана жыл соңында декларация тапсырады. 

Бұл декларация есептік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін ұсынылуы тиіс. Бюджетпен түпкілікті есеп айырысу сол жылдың 10 сәуіріне дейін алдын ала төленген төлемдерді есептей отырып жүргізіледі. Еңбек иммигранттарының осы санаттары мерзімінен бұрын елден кеткен жағдайда орналасқан орны бойынша салық органдарына кететін мерзіміне дейін декларация тапсырып, салық төлейді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109