1214

200 жуық адам өндірістік нысандарда қауіпсіздік нормаларын бұзғаны үшін жазаланды

2013 жылы астанада 4 мыңға жуық қауіпті өндірістік нысан тексеріліп, бірқатар қауіпсіздік ережелері мен нормаларын бұзу оқиғалары тіркелді. 2013 жылы тәуекелдердің дәрежесіне сәйкес 196 кәсіпорында 3718 қауіпті өндірістік нысан тексерілді.

2013 жылы астанада 4 мыңға жуық қауіпті өндірістік нысан тексеріліп, бірқатар қауіпсіздік ережелері мен нормаларын бұзу оқиғалары тіркелді. Бұл туралы astana.kz  сайтына қалалық ТЖД хабарлады.

«2013 жылы тәуекелдердің дәрежесіне сәйкес 196 кәсіпорында 3718 қауіпті өндірістік нысан тексеріліп, 2316 ережелер мен қауіпсіздік нормаларын бұзу оқиғасы анықталып, оларды жою бойынша ұйғарымдар берілді. Бұзушылық жойылғанша 12 нысанның жұмысы тоқтатылды. 189 адам жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мейрам Ысқақов.

Ведомствоның хабарлауынша, Астана қаласы гарнизонында күрделі өрттерді сөндіру барысында сапалы жұмысты қамтамасыз ету үшін адамдар көптеп жиналатын, сондай-ақ, күрделі конструктивті жобаланған нысандарға арналған өрт сөндірудің 584 жедел жоспары мен 533 жедел карточкасы бар.

Бұдан басқа, шақырудың жоғары дәрежесінде өрттер мен басқа да төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге дайындықты арттыру мақсатында өмірді қамту және адамдар көптеп жиналатын нысандарда 14 жоспарлы және 4 жоспардан тыс жалпы гарнизондық өрт сөндіру - тактикалық жаттығулар ұйымдастырылды, соның ішінде екі жағдайда тікұшақ тартылды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109