808

2013 жылдың IV тоқсанында құрылыс пен сауда саласында жаңа кәсіпорындар көп ашылды

Астана қаласында 2013 жылдың IV тоқсанында жаңа заңды тұлғалар 3,6% артық тіркелді. Тіркеу барысында кәсіпорындар жоспарлаған қызметкерлер санына сәйкес, барлық жаңа құрылған заңды тұлғалардың 1505 шағын, 15 орта, біреуі ірі кәсіпорын ретінде тіркелген.

Астана қаласында 2013 жылдың IV тоқсанында жаңа заңды тұлғалар 3,6% артық тіркелді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен хабарлады.

«2013 жылдың IV тоқсанында бастапқы тіркеуден өткен заңды тұлғалардың саны 1521 бірлікті құрайды, олар негізінен Алматы (50,6%) және Сарыарқа (31,8%) аудандарында шоғырланған. Есіл ауданының үлес салмағы 17,6%»,- делінген хабарламада.

Тіркеу барысында кәсіпорындар жоспарлаған қызметкерлер санына сәйкес, барлық жаңа құрылған заңды тұлғалардың 1505 шағын, 15 орта, біреуі ірі кәсіпорын ретінде тіркелген. Үстіміздегі жылдың IV тоқсанында тіркелген шағын кәсіпорындар саны өткен жылдың сәйкес кезеңінде тіркелген шағын кәсіпорындармен салыстырғанда, 33,2%, дәл сол кезеңде тіркелген орта кәсіпорындардың 10 бірлікке, сондай-ақ, тіркелген ірі кәсіпорындардың саны 1 бірлікке артқаны байқалды.

«Жаңа кәсіпорындардың басым бөлігі құрылыс және сауда салаларында шоғырланған, әрбір саладағы олардың үлесі 24%. Өзге де қызметтерге 13%; ғылым және техникалық қызметтерге 7% тиесілі. Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет; ақпарат пен байланыс, өнеркәсіп орташа есеппен 5% алып отыр»,- деп хабарлады Статистика департаментінен.

Сонымен қатар, Білім және денсаулық сақтау; жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар; көлік және қоймалау 3% құрайды. Қаржы және сақтандыру қызметіне; тұру және тамақтануға; өнерге; ойын-сауық және демалысқа; қоғамдық ұйымдар және қорларға орташа есеппен 2% тиесілі.

Жаңа заңды тұлғалардың 95,4% жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (одан әрі - ЖШС) болып тіркелген. ЖШС-нің жыл басындағы жалпы санымен салыстырғанда олардың үлесі 8 пайыздық тармаққа артқан. Сонымен қатар, ағымдағы кезеңде тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың 2,1% қоғамдық бірлестіктер мен қорлар; 1,3% тұтыну кооперативтері; 0,7% заңды тұлғалар бірлестігі; 0,3% мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар; 0,2% акционерлік қоғамдар құрайды.

2013 жылдың IV тоқсанында тіркелген заңды тұлғалар басшыларының арасында ерлердің үлесі 68,2%, әйелдер 31,8% құрады. Жыл басында заңды тұлғалар басшыларының жалпы санында ерлердің үлесі 73,9%, әйелдер 26,1% болды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109