1008

Астана Қазақстанның алғашқы урбанистік орталықтарының біріне айналады

Алдымен, Астана мен Алматы, содан кейін Шымкент пен Ақтөбе сияқты ірі қалалар еліміздің алғашқы заманауи урбанистік орталықтарына айналады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында мәлімдеді.

Алдымен, Астана мен Алматы, содан кейін Шымкент пен Ақтөбе сияқты ірі қалалар еліміздің алғашқы заманауи урбанистік орталықтарына айналады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында ҚР Парламентінің бірлескен отырысында жыл сайынғы халыққа Жолдауында мәлімдеді.

«Алдымен, Астана мен Алматы, содан кейін Шымкент пен Ақтөбе сияқты ірі қалалар еліміздің алғашқы заманауи урбанистік орталықтарына айналады. Олар ғылым және халық пен инвестициялар тарту орталықтарына айналып, сапалы білім беру, медициналық, әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсетуі тиіс»,- деді Н.Назарбаев.

Оның атап өтуінше, бұл ретте инфрақұрылымдық триаданың - агломерация, көлік, энергетиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ету керек.

Айта кетейік, ҚР Конституциясына сәйкес, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын Жолдау арнайды.

Отырысқа Парламент депутаттары, ҚР Конституциялық кеңесінің мүшелері, Жоғарғы сот төрағасы мен судьялары, ҚР Үкіметінің мүшелері, Мемлекет басшысына тікелей бағынатын органдардың өкілдері, қоғамдық-саяси ұйымдардың, ұлттық компаниялардың басшылары және т.б. қатысуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109