1019

Астанада 20 жуық дөңгелек жөндеу контейнері алынатын болады

Елорданың Сарыарқа ауданы дөңгелек жөндеу контейнерлерін өз бетінше алып тастауға шақырады. Аталған талаптарды орындамаған жағдайда өкілетті органдармен нысандарды мәжбүрлі түрде шығару бойынша шаралар қабылданып, белгіленген заңнамаға сәйкес жауапкершілік жүктелетін болады.

Елорданың Сарыарқа ауданы дөңгелек жөндеу контейнерлерін өз бетінше алып тастауға шақырады. Бұл туралы аудан әкімдігінің сайтында жазылған.

Аудан әкімдігінің атап көрсетуінше, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43 б. 10 т. сәйкес жер учаскесінің нақтылы шекарасы белгіленгенге дейін және құқық белгілейтін құжаттар берілгенге дейін жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді. Осы талаптарды  сақтамау жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу деп бағаланады және әкімшілік құқық бұзушылық ретінде жауапкершілік жүктеледі.

 «Жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу фактілеріне жол бермеу туралы» Астана қаласы әкімінің қатысуымен өткен жиналысының хаттамасына және 2011 жылғы 3 наурыздағы Астана қаласы мәслихатының «Астана аумағында уақытша орнатылған сауда нысандарының кезеңмен шығару туралы» Шешіміне сәйкес заңсыз орнатылған нысанды өздеріңіз шығаруыңызды сұраймыз», - деп хабарлайды аудан әкімдігі.

Аталған талаптарды орындамаған жағдайда өкілетті органдармен нысандарды мәжбүрлі түрде шығару бойынша шаралар қабылданып, белгіленген заңнамаға сәйкес жауапкершілік жүктелетін болады.

Әкімдіктің хабарлауынша,мына мекенжайлар бойынша орналасқан дөңгелек жөндеу контейнерлері алынуы тиіс: Бөгенбай батыр даңғылы мен Берел көшесінің қиылысы;

Н. Тілендиев даңғылы,  «BUS» ЖШС жанында; Алаш тасжолы, орталық базар аумағы;

Д. Бабатайұлы көшесі мен Жаңақоныс көшесінің қиылысы; Көктал көшесі мен Оқжетпес көшесінің қиылысы, автобөлшектер дүкенінің аумағы; Мәскеу көшесі, 6 үй;

Мәскеу көшесі, 10/2 үй; Бөгенбай батыр даңғылы мен Мәскеу көшесінің қиылысы;

Ә. Молдағұлова көшесі мен Г.Потанин көшесінің қиылысы; Кемеңгерұлы көшесі, «Огонек» дүкенінің аумағы; Күмісбеков көшесі, 3/1 үй; Күмісбеков көшесі, 3/2 үй;

Күмісбеков көшесі мен Кенесары көшесінің қиылысы; 1-ші Алматы көшесі, 1/Б үй;

Ш. Бейсекова көшесі, ЖКС «Аурика» жанында; Карасай батыр көшесі мен Қарталы көшесінің қиылысы; Тәттімбет көшесі, «Аққу» мейрамханасының аумағы;

Г. Потанин көшесі, 20 үй; Ақан сері көшесі жеке меншік аумағы; Ақан сері көшесінің жеке меншікті үй аумағы.

Анықтама телефондары: Астана қаласы бойынша Жер ресурстарын басқару жөнінде ҚР агенттігінің Аумақтық жер инспекциясы тел: 32-01-71; Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы тел.:31-61-69; Астана қаласының Сәулет және қала құрылыс басқармасы тел.: 33-39-61; 21-61-40; 21-62-33; Қазақстан Республикасы  құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігінің Астана қаласы  бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті  тел.:70-28-02.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109