1130

Астанада Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 25 жылдығына орай интернационалист жауынгерлерді еске алу рәсімі өтеді

Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 25 жыл болды. 1979 жылғы 25 желтоқсаннан - 1989 жылғы 15 ақпанға дейін 10 жылға жуық уақыт бойы жауынгерлер Ауған аумағында интернационалдық борыштарын өтеді.

Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 25 жыл болды. 1979 жылғы 25 желтоқсаннан  - 1989 жылғы 15 ақпанға дейін 10 жылға жуық уақыт бойы жауынгерлер Ауған аумағында интернационалдық борыштарын өтеді. Оған 22 269 қазақстандық қатысты, соның ішінде 924-і қаза тапса, 1015 мүгедек болып, 21 хабар-ошарсыз кетті.

Ертең, 15 ақпанда барша Қазақстанда қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді еске алу рәсімдері өтіп, соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіледі. Астана да тыс қалған жоқ. Күні бойы елордада бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы astana.kz  сайтына Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» ҚБ хабарлады.

Дәстүр бойынша бұл күні Ауған соғысының жауынгерлері, қаза болғандардың ата-аналары, достары, жақындары орталық мешітке және православ шіркеуіне барады. Сондай-ақ, еске алу күні аясында сағат 12.00 Қ.Мұңайтпасов және Абылайхан даңғылының қиылысындағы Ауғанстанда қаза тапқан интернационалист- жауынгерлерге арналған республикалық мемориалда іс-шара ұйымдастырылады. 

Ал сағат 14.00 ақпанда Бейбітшілік және Келісім сарайында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен салтанатты концерт өтеді.

Аталған іс-шараға қаза болған жауынгерлердің туыстары, Ауған соғысының ардагерлері, түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен ресми тұлғалар, елорданың орта және жоғары оқу орындарының оқушылары, Астана қаласында орналасқан әскери бөлімшелердің өкілдері шақырылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109