1558

Ауған соғысының ардагерлері марапатталды

25 жыл бұрын Кеңес әскері ауған жеріндегі ұрыста Отан алдындағы интернационалдық борышын өтеп, ауыр сынақты бастан кешті. Содан бері қанша уақыт өтсе де, ол отты жылдар әр солдаттың санасында сайрап тұр. 10 жылға созылған соғысқа Кеңес Одағынан 600 мыңнан астам сарбаз қатысты.

25 жыл бұрын Кеңес әскері ауған жеріндегі ұрыста Отан алдындағы интернационалдық борышын өтеп, ауыр сынақты бастан кешті. Содан бері қанша уақыт өтсе де, ол отты жылдар әр солдаттың санасында сайрап тұр.

10 жылға созылған соғысқа Кеңес Одағынан 600 мыңнан астам сарбаз қатысты. Оның ішінде 22 мыңнан астамы қазақстандықтар. Қазір Астанада 1150 ардагер тұрады. Мереке қарсаңында батырларымыз үшін салтанатты шара ұйымдастырылып, Мемлекеттік төсбелгілермен марапатталды.

Серік Кенжебеков, Астана қаласы «Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Қазір Үкіметтің бізге деген көзқарасы ерекше. Ардагер ретінде сыйлап, біздің мәселелерімізді көтеріп, талқылап жатыр. Барлығымыздың да жақсы жетістіктерге жететінімізге сенемін. Қазір әскери-патриоттық жағдайды қолға алып, жастармен жұмыс істеп жатырмыз.

Қуаныш Майтқанов 18 жасында ауған соғысына аттанып, бөтен жерде ел алдындағы борышын өтеген жастардың бірі. Қазір ұлдарын патриоттық рухта тәрбиелеп, әскери салада қызмет етулеріне тілектес болып жүр. Алайда, майдан туралы әңгімелеуді ұната бермейді. 

Қуаныш Майтқанов, Ауған соғысының ардагері:

1980 жылы мектеп бітірдім. 1981 жылы 18-ге толғанымда әскерге шақырды. Өзім Семей қаласынан боламын. Сосын Өскеменге түстік. Өскеменде үш ай болдық. Ант қабылдағаннан кейін Кабулға келдік. Кабулда 180 мотоатқыштар полк дейді екі жыл сонда болдым. 

«Мақсатсыз соғыс» деген атпен тарихта қалған майданда Миранбек Тулекпаев та болды. Тәуелсіздік жылдарынан бері кейінгі ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге үлес қосып жүрген ол сұм соғыстың қай заманда да оңай болмайтынын айтады.

Миранбек Тулекпаев, Ауған соғысының ардагері:

Өзіміз Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің кітаптарымен, соғыс туралы кинолармен өскенбіз. Бізде патриоттық сезім мықты болды. Ауғанстанға баратынымызды білген жоқпыз ғой. Әскерге барамыз деп шақырылдық. Әскерге пионер болып кетсем, әсерден коммунист болып келдім. Алғаш барғанда үрей деген жоқ, жас балалар ғой бәрі. Кішкене жарты жыл, бір жылдай уақыт өткеннен кейін аман қаламыз ба, үйге жете аламыз да деген ой келе бастады. 

Айта кетейік, салтанатты шара соңында «Тұран-Астана» университетінің студенттері ән мен биден шашу шашып, ардагерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлады

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109