975

Астанада «Трак-Спринт» жарысы қорытындыланды

Құрал-сайманын сайлап, суық өткізбейтін киімге оранған мына жастар «Трак-Спринт» жарысында бақ сынамақшы. Онда қатысушылар қос-қостан қарда жүретін көлікпен жарысады. Алғаш рет ұйымдастырылған спорттық шараға салауатты өмір салтын ұстанатын 15 азамат қатысты.

Құрал-сайманын сайлап, суық өткізбейтін киімге оранған мына жастар «Трак-Спринт» жарысында бақ сынамақшы. Онда қатысушылар қос-қостан қарда жүретін көлікпен жарысады. Алғаш рет ұйымдастырылған спорттық шараға салауатты өмір салтын ұстанатын 15 азамат қатысты. Күннің ызғарына қарамастан оларға жанкүйер болып келгендер де көп болды.

Сергей Красюк, жарыс ұйымдастырушысы:

Біз былтыр бұл жарысты тек клубтық чемпионат ретінде өткізген едік. Биыл біріншілік ұйымдастырдық. Енді келер жылы Қазақстан кубогы үшін бәсеке болады. 2016 жылы ірі чемпионат өткізу жоспарда. Қазір қатысушылар саны күткеніміздей емес. Бірақ, қызығушылық тудырғандар Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Қарағандыдан келді.

Рустам Жакенов, жарысқа қатысушы:

Мұндай жарысқа бірінші рет қатысып отырмын. Көңілім тоқ, бәрі ұнап жатыр. Оның үстіне, жұмысым бір орында отырумен өтеді. Сондықтан  демалысты таза ауада, салауатты өмір салтын ұстанумен өту керек. Көп адамдар бос уақытын үйде ұйықтаумен өткізеді. Мен ондайды түсінбеймін. Қарап жатуға болмайды. 

Еске салайық, жарыстың алғашқы кезеңдері Ақтөбе мен Қостанай қалаларында өтіп, елордада қорытындыланып отыр. Ұйымдастырушылар бәйгеге кубок пен грамотадан бөлек екі бірдей мотоцикл тіккен. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109