1071

Астанада жалпыхалықтық оқуға арналған кітап жария болады

Бүгін Астанада «Бір ел - бір кітап» акциясының кітабы жарияланады. Үстіміздегі жылы акцияның ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша жалпыхалықтық оқуға белгілі қазақ жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сайын Мұратбековтың «Жусан исі» және «Басында Үшқараның...» атты повестері таңдалды. Бұл туралы astana.kz сайтына ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан хабарлады.

Бүгін Астанада «Бір ел - бір кітап» акциясының кітабы жарияланады. Үстіміздегі жылы акцияның ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша жалпыхалықтық оқуға белгілі қазақ жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сайын Мұратбековтың «Жусан исі» және «Басында Үшқараның...» атты повестері таңдалды. Бұл туралы astana.kz сайтына ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан хабарлады.

Биыл акция сегізінші рет өткізілмек. Әдеттегідей, іс-шара барысында ұлттық, облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалардың оқырмандары, мектеп, колледж оқушылары, жоғарғы оқу орындарының студенттері Сайын Мұратбековтың өмірімен және шығармашылығымен танысып, «Жусан исі» және «Басында Үшқараның...» повестерін оқып, талдайтын болады. Сонымен қатар, оқырмандар Сайын Мұратбековтың шығармаларымен толығырақ «Сайын даланың сұңғыла суреткері» атты кітап көрмесінде таныса алады.

Экспозиция бөлімдері: «Әдебиет - оның өмірі», «Жусан иісті дара талант», «Сымбаты бөлек сырлы әлем». Мұнда жазушының алғашқы жинақтары ұсынылған: «Ескек жел», «Қалың қар», «Жабайы Алма», «У тёплого родника», «Запах полыни», «На вершине Учкары», 2013 жылы жарық көрген бес томдығы, сондай-ақ, оның шығармашылығы туралы мақалалар бар.

Айта кетейік, Мұратбековтың бірқатар шығармалары орыс, өзбек, татар, украин, белорус, грузин, әзербайжан, литва, араб тілдеріне аударылған.

Еске салайық, акцияның мақсаты - қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, адамгершілік-отансүйгіштік тәрбие беру, оқырмандарды кітап оқуға, акция өткізудің орталығы болып табылатын кітапханаға тарту екені айтып өтеміз. Жыл бойы Қазақстанның барша өңірінде, ауылдық,  аудандық,  облыстық кітапханаларда Сайын Мұратбеков шығармашылығын ашатын 2 мыңнан астам іс-шара өтеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109