1262

«Интернациональный» тұрғын алабында қазандықтағы мәселе жойылды

Бүгін Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов «Интернациональный» тұрғын алабында болды. Шаһар басшысы тұрғындармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Бүгін Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов «Интернациональный» тұрғын алабында болды. Шаһар басшысы тұрғындармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады. Еске салайық, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласының әкімі И.Н.Тасмағамбетовтың 2014 жылғы 19 ақпанда халықпен есептік кездесуі барысында «Интернациональный» тұрғын алабының тұрғыны, зейнеткер Қожантай Байкенов әкімге сауал жолдап, мәселелі жағдайды шешуді сұраған болатын. 

Мәселе мынада, тұрғынжайдан 50 метрден кем қашықтықта қазандық орналасқан, яғни, үй қазандықтың санитарлық-қорғау аймағында тұр. Қазіргі уақытта күл үйіндісіне қоршау орнату жұмыстары жүргізіліп, қазандықтағы ағымдағы жағдайды жақсарту жөніндегі ұсыныстар қарастырылды: су қыздыру қазандықтарын ауыстырып, сұйық отын қолдану, сонымен қатар, барлық қазандықтарға келесі жылыту маусымына дейін шаңнан, газдан тазалау қондырғыларын (циклондар) орнату көзделген. 

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов тұрғын алабының тұрғындарын осындай маңызды оқиғамен құттықтады. Кездесу барысында тұрғындар қала басшысына жалпы және жеке сипаттағы түрлі сұрақтар қойды. Әр мәселені егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін шаралар қабылданады. 

Бұдан басқа, «Интернациональный» тұрғын алабында «Ескендiр» ТК балалар аула клубы ашылды. Жалпы ауданы - 400 шаршы метр. Мекемеде күрес, теннис, би, тренажер залдары, электронды кітапхана және ардагерлер мен зейнеткерлерге арналған үстел ойындары (шахмат, дойбы) үшін жабдықталған демалыс бөлмесі бар. 

Бүгінде елордалық аула клубтары ауданда тұратын балалар мен жасөспірімдер кездесетін орынға, демалыс пен шығармашылық идеяларын жүзеге асыру орнына айналды. Мәдени іс-шаралар өткізу, демалысты ұйымдастыру арқылы балалар мен жасөспірімдерді көшенің зиянды әсерінен сақтау үшін мүдделер бойынша клубтар құрылады. Олар әртүрлі спорт түрлеріне әуестеніп, демалысты өткізудің жаңаша қызықты түрімен танысады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109