919

Астанада тегін заң көмегін көрсету үшін халықпен көшпелі кездесулер өткізіледі

Астанада «Әділет органдары кеңес береді» атты республикалық акциясы шеңберінде қалалық заңгерлермен, сот орындаушылармен, сондай-ақ нотариустармен және адвокаттармен бірлесіп халыққа тегін құқықтық кеңестер беру кездесулерін өткізу жоспарланған.

Астанада «Әділет органдары кеңес береді» атты республикалық акциясы шеңберінде қалалық заңгерлермен, сот орындаушылармен, сондай-ақ нотариустармен және адвокаттармен бірлесіп халыққа тегін құқықтық кеңестер беру кездесулерін өткізу жоспарланған. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Әділет департаментінен хабарлады. 

Елордада акция кезінде 12-14 наурыз аралығында келесі елдi мекендерге бару көзделген: 12 наурызда сағат 11:00-13:00 Күйгенжар кентінің (Мичурино) Әкімдігінің ғимаратында жергілікті тұрғындарымен кездесу өткізіледі; сондай-ақ, 12 наурызда сағат 15:00-17:00 Алматы ауданының №1 ХҚКО-да ашық есік күні ұйымдастырылады; 13 наурызда сағат 12.00 ЕЦ-166/22 түзету мекемесінің сотталғандарына тегін құқықтық кеңес беріледі; осы күні сағат 15.00 Астана қаласының №6 Кәсіптік-техникалық колледжінің студенттерімен кездесу өтеді. Акцияның соңғы күні 14 наурызда сағат 11.00-13.00 дейін «Нұр Отан» партиясының Астана қаласындағы филиалының ғимаратында қала тұрғындарын қабылдау және сағат 15.00 Әділет департаментінің ғимаратында (Жеңіс даңғ., 15) жас жұбайларға арналған ашық есік күні өтеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109