1241

«Астана тазарту» ЖШС экологиялық таза жүйеге көшті

Таңғы сағат 5-тен ояну елорданың кез келген тұрғыны үшін үйреншікті жайт бола қоймас. Ал, сіз шырт ұйқыда жатқанда «Астана тазарту» ЖШС қызметкерлері 356 795 жеке тұлға мен 3 700 заңды тұлғағаны аралап, 8 598 контейнерді қоқыстан тазартып үлгереді. Осылайша күніне 370 тонна қоқыс қала сыртына шығарылады.

Таңғы сағат 5-тен ояну елорданың кез келген тұрғыны үшін үйреншікті жайт бола қоймас. Ал, сіз шырт ұйқыда жатқанда «Астана тазарту» ЖШС қызметкерлері 356 795 жеке тұлға мен 3 700 заңды тұлғағаны аралап, 8 598 контейнерді қоқыстан тазартып үлгереді. Осылайша күніне 370 тонна қоқыс қала сыртына шығарылады. Қаланың ғана емес, экологияның да тазалығын ескерген мекеме басшылығы қоқыс таситын көлікке жаңа қондырғы орнатты.

Нұрлан Орақбай, «Астана тазарту» ЖШС бас директорының орынбасары:

Қондырғының пайдасы өте көп. Экологияға да пайдалы. Ауаны ластамайды. Көлік те жақсы жүреді. Қазір 50 арнайы техникамыз бар. Оның ішінде 10 техникаға қондырғы орнаттық. Барлығы дұрыс болса, қалғандарына да орнатамыз деген ойымыз бар.

Неміс ғалымдары ойлап тапқан құрылғы Польшада шығарылған. Қондырғының басты ерекшелігі көліктің сұйытылған газ және дизельмен жүріп, жанар-жағармайға кететін шығынды 40 пайызға дейін үнемдеуге  мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қондырғыны ауыл шаруашылығы, құрылыс техникасына, жеңіл көлік пен жүк көлігіне, автобусқа орнатуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109