1161

Жас өнертапқыштардың «Шапағат-2013» байқауында елордалық ЖОО студенті жеңіске жетті

Жас өнертапқыштардың «Шапағат-2013» республикалық байқауында елордалық студент көш бастады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Әділет департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. Байқаудың міндеті - Қазақстан Республикасында зияткерлік меншіктің рөлін арттыру.

Жас өнертапқыштардың «Шапағат-2013» республикалық байқауында елордалық студент көш бастады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Әділет департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Шапағат-2013» байқауының қорытындысы бойынша «Ең жас өнертапқыш» аталымында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенті Мәдина Сәрсенова жеңіске жетті. Қазіргі уақытта Сәрсенованың жобасы аса өзекті болып отыр. Жобаның мәні - құрамында алты валентті темір бар коагулянттың (тұндырғыш) көмегімен ластанған суларды залалсыздандыру және қалдықсыз тазарту тәсілі. Пайдаланылған коагулянтты түрлі қатты тұрмыстық қалдықтармен және өсімдіктердің органикалық қалдықтарымен (жоңқа, үгінді, құстың қауырсыны) және т.б. бірге кәдеге жаратады», - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, марапаттау рәсіміне шет елдердің, зияткерлік меншік саласындағы халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Байқаудың міндеті - Қазақстан Республикасында зияткерлік меншіктің рөлін арттыру, өнертапқыштық қызметті дәріптеу, өнертапқыштық және инновациялық салаға инвестициялар тарту, өндірістік секторға перспективті жобаларды енгізу болып табылады.

Жыл сайын өтетін іс-шараны ҚР Әділет министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі бірлесіп ұйымдастырады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109