818

«Астана Таңдауы» үздіктерді анықтайды

Елордада тұрғындардың көңілінен шыққан үздіктерді анықтайтын жыл сайынғы «Астана Таңдауы» байқауы басталды. «Астана-Тандауы» жалпы қалалық байқауы - біз күнделікті өмірде көріп жүрген адамдардың қайсарлығы мнн ерлігі туралы тарих. Биыл қатысушыларды олардың жоғары кәсіби деңгейін сезінген елорда тұрғындары ұсынатын болады.

Елордада тұрғындардың көңілінен шыққан үздіктерді анықтайтын жыл сайынғы «Астана Таңдауы» байқауы басталды. «Астана-Тандауы» жалпы қалалық байқауы - біз күнделікті өмірде көріп жүрген адамдардың қайсарлығы мнн ерлігі туралы тарих. Олар қажырлы еңбектерімен, мақсаткерлігімен және іс-қимылдарымен қоғамның гүлденуіне септігін тигізіп, тұрақтылық пен еліміздің болашағының сенімді фундаментін құрып келеді. Шынайы оқиғаларға негізделген қарапайым адамдардың жанқиярлығы мен батырлығы туралы тарих елорда тұрғындарына рух беріп, біріктіреді.

«Астана Таңдауы» байқауы алғаш рет Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың бастамасымен 2012 жылы өткізілді. Содан бері байқауға жүздеген адам қатысып, мыңдаған астаналық дауыс берді.

Биыл қатысушыларды олардың жоғары кәсіби деңгейін сезінген елорда тұрғындары ұсынатын болады. Әр жеңімпаздың сіңірген еңбегі туралы әңгімелейтін шағын фильмдер түсіріліп, республикалық телеарналардың  эфиріне шығарылады. Жеңімпаздар мен олардың жетістіктері Астана қаласында әлеуметтік желілерде, билбордтарда және қоғамдық көліктерде көрсетіледі.

Биылғы «Астана Таңдауы» жалпы қалалық байқауына қатысуға өтініштер қабылдау басталды және көктемнің соңына дейін жалғасады. Дауыс беру 1 маусымнан басталады. Байқау қорытындысын елорда басшысы Иманғали Тасмағамбетов Астана күні қарсаңында жариялайды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109