1113

Астанада инновациялық байқауға қатысушылар теңіз әуежайын, қымыздан коктейль және басқаларын ұсынды

Астанада жастар арасында инновациялық идеялар мен жобалар байқауы өтті. Серпінді идеяларды және инновациялық жобаларды анықтау мақсатында Жастар саясаты мәселелері басқармасы жастар арасында инновациялық идеялар мен жобалар байқауын ұйымдастырды.

Астанада жастар арасында инновациялық идеялар мен жобалар байқауы өтті. Серпінді идеяларды және инновациялық жобаларды анықтау мақсатында Жастар саясаты мәселелері басқармасы жастар арасында инновациялық идеялар мен жобалар байқауын ұйымдастырды.

Байқауға «Үздік инновациялық технология», «Үздік инновациялық өнім», «Үздік инновациялық идея», «Балалар инновациялары» аталымдары бойынша 29 жасқа дейінгі адамдар қатысып, 17 өтініш қаралды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасынан хабарлады.

Байқаудың 14 жасар ең жас қатысушысы Жансая Бейсембаева Қазақстанда теңіз әуежайын салуды ұсынды. Ал Назарбаев университетінің студенттері жаңадан жол салуды қажет етпейтін асфальт және бетон жолдардың астына пьезоэлектр генераторларын орнату жөніндегі жобаларын таныстырды. Сонымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің студенттері смартфондар мен планшеттерге арналған жаңа мобильдік қосымша - «Домбыраны» ойлап тапты. Бұл қосымша ұлттық аспапта ойнауға үйретеді.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің қарсаңында жас кәсіпкер А.Бекеев қымыздан ұлттық нақышта сүт коктейлін жасаудың жаңа тәсілін ұсынды. Байқаудың сарапшылар кеңесі өз назарын «Babycare GPS» деп аталатын тағы да бір қызықты жобаға аударды.  Ұсынылып отырған жоба смартфондарға оңай орнатылады және ата-аналарға тәулігіне 24 сағат бойы балаларының орналасқан жері туралы біліп отыруға мүмкіндік береді, ал қажет болған жағдайларда SOS белгілерін жібереді.

Ұйымдастырушылар аталған іс-шара инновациялық қызмет саласында жас ғалымдардың және өнертапқыштардың белсенділігін арттыруға итермелейді деп санайды. Байқау нәтижелері 10 сәуірде жарияланады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109