971

Астанада Денсаулық күніне арналған Ашық есік күні өтті

Спорт – денсаулық кепілі. Ал, дені сау ұрпақ ұлт болашағы. Бұл Астана қаласының тұрғыны Бауыржан Мұқашевтің пікірі. Құрылыс саласында еңбек ететін жігіт қолы қалт етсе, бокс үйірмесіне барады, жүзумен де айналысады. Ал, денсаулығының жақсы екеніне күмәнданбас үшін Халықаралық Денсаулық күні аясында өтіп жатқан акцияны пайдаланып, қан қысымын өлшетіп алмақшы.

Спорт – денсаулық кепілі. Ал, дені сау ұрпақ ұлт болашағы. Бұл Астана қаласының тұрғыны Бауыржан Мұқашевтің пікірі. Құрылыс саласында еңбек ететін жігіт қолы қалт етсе, бокс үйірмесіне барады, жүзумен де айналысады. Ал, денсаулығының жақсы екеніне күмәнданбас үшін Халықаралық Денсаулық күні аясында өтіп жатқан акцияны пайдаланып, қан қысымын өлшетіп алмақшы.

Бауыржан Мұқашев, Астана қаласының тұрғыны:

Өте жақсы, керемет. Емхана қызметкерлері халыққа көмек көрсетіп жатыр. Осыны естіп мен де келдім. Жалпы, әрбір азамат ел болашағы үшін өз денсаулығын күтуі керек.

Бүгін қалалық емхана қызметкерлері бір жерден қызмет көрсетуге көшті. Саулығын ойлап, тегін тексеруден өтуге асыққандардың қарасы көп. Басым бөлігі қанының тобын анықтап, бойы мен салмағын өлшетіп, психологтан кеңес алды.

Сәбит Әбдірайымов, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Бүгінгі күннің ең басты мәселесі жастарға салауатты өмір салтын қалыптастыруды үйрету. Дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттерге әуес болу, стрестік жағдайларды дұрыс өткізу, жұмыс, демалыс уақыттарын дұрыс пайдалана білу - осының барлығы өмірдің қысқаруына, ауруға әкеп соғады. Сондықтан осындай мәселелердің денсаулыққа әсер ететінін біліп, салауатты өмір сүретін болса, көп жағдайлардан аулақ қылады.

«Өз денсаулығың өз қолыңда» атты ұранымен өткен шара концерттік бағдарламаға ұласты. Спорт мектептерінің шәкірттері шеберлік дәрісін көрсетсе, бокстан Әлем чемпиондары Данияр Елеусінов пен Біржан Жақыпов өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ бүгін қаладағы барлық емханаларда Ашық есік күні өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109