963

Елордалық оқушылар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы толық ақпарат ала алады

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта мамандықтардың бәрі бірдей сұранысқа ие болмай отыр. Бүгінгі таңда Астана қаласының еңбек нарығында құрылыс саласындағы мамандардың, дәрігерлер және бағдарламашылардың тапшылығы байқалады.

Жыл өткен сайын елордамыз қарқынды дамып, өсіп келеді, сәйкесінше, жас кадрларды тартуда. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта мамандықтардың бәрі бірдей сұранысқа ие болмай отыр. Бүгінгі таңда Астана қаласының еңбек нарығында құрылыс саласындағы мамандардың, дәрігерлер және бағдарламашылардың тапшылығы байқалады. Осыған орай, «Мамандық таңдау - маңызды қадам!» атты ауқымды кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өткізіледі, оның аясында жоғары сынып оқушылары мамандық таңдау кезінде толық ақпарат ала алады. 3-25 сәуір аралығында қаланың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында Ашық есік күндері мен оқушыларға арналған экскурсиялар өткізіледі. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасынан хабарлады.

Акцияның мақсаты - түлектерге еңбек нарығында сұранысқа айрықша ие мамандықтар туралы толық ақпарат беру болып табылады.

Ведомствоның хабарлауынша, кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары «Цесна-астық» АҚ, «Тұлпар тальго» ЖШС, «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС, «Целингидромаш» ЖШС, «Стальцинк» ЖШС және Қазатомпром ұлттық компаниясының «Astana Solar» сияқты еншілес компаниясының өндіріс орындарында жүргізіліп жатыр.

Акция аясында елордалық мектеп оқушылары нарықта сұраныс қалыптасқан маман иелерімен кездесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алады.

Еске салайық, аталған іс-шаралар мамандық таңдау сияқты қоғамдағы өзекті мәселені шешуге бағытталған жастар саясатының мемлекеттік аймақтық бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109