942

«Жас қанат» - 14 талантты сынға салмақ

Көктем қанатына ілдіріп әкелер қуанышты жаңалықтың жаршысы – «Жас қанат» биыл да өз жалғасын тапты. Талантына тамсандырар таланттар қазақ елінің түпкір түпкірінен жиналды. Үкілеген үміттері үлбіреп, Жас қанатқа алтын қанатты алсам деп келген өнерлілер аз емес. Талдықорғанның тал шыбықтай таланттарының бірі, байқаудың ең жас қатысушысы - Рухия Байдүкенова.

Көктем қанатына ілдіріп әкелер қуанышты жаңалықтың жаршысы – «Жас қанат» биыл да өз жалғасын тапты. Талантына тамсандырар таланттар қазақ елінің түпкір түпкірінен жиналды. Соның бірі Оңтүстіктің түлегі, Арыстың арман арқалаған жас өрені:

Нұржан  Зулпыхаров, қатысушы (Оңтүстік Қазақстан облысы):

Бала кезімде «Қошақаным» деген әннен бастаған едім. Қазір «Жас қанатқа» қатысып, осындай дәрежеге жетуім өзімнің арқам деп ойлаймын.

Үкілеген үміттері үлбіреп, Жас қанатқа алтын қанатты алсам деп келген өнерлілер аз емес. Талдықорғанның тал шыбықтай таланттарының бірі, байқаудың ең жас қатысушысы - Рухия  Байдүкенова

Шетелдің атағынан ат үркетін әншілерінен еш кемдігі жоқ жас өрендер үш кезеңнен іркілмей өтулері  шарт. Қойылар талап та, айтылар әндер де таңдалған. Бірақ жастарға баға беретін қазылар алқасы әзірге құпия. Бір айта кететіні, «бармақ басты, көз қыстыға» жол жоқ.

Мұрат Ерғалиев, «Жас қанат» байқауының негізін қалаушы, продюсер:

Жюридің кім екенін барлығы жиналғанда бірақ айтамыз. Әйтпесе, халық арасында телефон шалып, «әке-көке көмектес» дейтіндер жетіп артылады.

Ал өнерде жіңішке дауысты ерлер көбейіп барады деп бағамдайтындарға сүйінші жаңалық. Биылғы «Жас қанат» баритон  дауысты таланттар көзін ашпақ. Аталған байқау сахнасынан түлеп ұшқан Фархад Ескенеев вокалдық тұрғыдан  жастардың жыл санап өсіп келе жатқанын баса айтты.

Фархад Ескенеев, вокалдық продюсер:

Биылғы байқауда баритон, бас дауысты жігіттер көбірек болады. Біздің географиялық табиғатымызға байланысты ондай дауыстар өте сирек кездеседі.

Абайша айтсақ: «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы...»  «Бақ шаба ма, бап шаба ма» бұл  уақыт еншісінде. Бастысы бойдағы бар талантты көрсетуде қатысушылар іркіліп қалмаса екен. Байқау 11-сәуірде  Астана төрінде, Бейбітшілік және келісім сарайында шымылдық түреді. Ал, жеңімпаздар есімі 13 сәуірде белгілі болмақ. Осылайша «Жас қанаттан» жеңімпаз атанған жас таланттар өнерге кезекті топ боп қағат қақпақ.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109