1084

Астана қаласында ЖОО мен колледждерде жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр

Қазіргі уақытта халық арасында, әсіресе, жастар арасында кеңінен тараған жемқорлық қылмыстар өзекті мәселе болып отыр. Астанада жемқорлықпен күресу үшін жастар арсында жемқорлық іс-қимылдарға қарсы бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады. 8-16 сәуірде елордалық ЖОО мен колледждерде жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізіледі.

Қазіргі уақытта халық арасында, әсіресе, жастар арасында кеңінен тараған жемқорлық қылмыстар өзекті мәселе болып отыр. Астанада жемқорлықпен күресу үшін  жастар арсында жемқорлық іс-қимылдарға қарсы бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады. 8-16 сәуірде елордалық ЖОО мен колледждерде жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізіледі. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасынан хабарлады.

Іс-шаралар Қазақ технология және бизнес университетінде, «Тұран» колледжінде, Басқару колледжінде, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде, М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде, Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық университетінде, Қазақ инженерлік-техникалық академиясында және Қазақ ұлттық өнер университетінде өткізіледі.

Іс-шара аясында студенттерге жемқорлықтың алдын алу және жемқорлық іс-әрекеттер бойынша дәрістер оқылады, сонымен қатар, студенттер арасында сауалнама жүргізіледі.

Айта кетейік, іс-шара жастар арасында жемқорлық қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өткізіледі.

Іс-шараларды Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қазақстанның жастар конвенті» жеке қоры ұйымдастырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109