1078

Елордада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында арбада отырып би билеуден ҚР чемпионаты өтеді

Демалыс күндері, 12-13 сәуірде Тәуелсіздік сарайында қазіргі заманғы және спорттық би билеуден IV Би олимпиадасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында арбада отырып би билеуден ҚР Чемпионаты өтеді. Елордалық «Қайсар» спорт клубы арбамен билеуді дамытуды қолға алды.

Демалыс күндері, 12-13 сәуірде Тәуелсіздік сарайында қазіргі заманғы және спорттық би билеуден IV Би олимпиадасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында арбада отырып би билеуден ҚР Чемпионаты өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады. Жарысқа Қазақстанның 5 өңірінің спортшылары қатысады: Астана қааласынан, ОҚО, Қарағанды, Жамбыл және Атырау облыстарынан. Жарыстың бас төрешісі - Халықаралық Паралимпиадалық комитеттің өкілі.

Айта кетейік, елордалық «Қайсар» спорт клубы арбамен билеуді дамытуды қолға алды. Аталмыш спорт түрінен халықаралық додалар да ұйымдастырылады. ҚР чемпионатына «Қайсар» СК тәрбиеленушісі, арбамен билеуден 2013 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ардақ Отарбаев қатысады.

Ведомствоның хабарлауынша, Би олимпиадасы аясындағы жарыс бір уақытта екі залда өтеді. Бұдан басқа, Олимпиадаға Қазақстанның өңірлерінен барлық би бағыттары бойынша бишілер қатысады. Атап айтқанда, балет, халық, шығыс, бал және эстрадалық билер, степ, сальса, арбамен билеу және т.б.

Еске салайық, жарыс 12-13 сәуірде Тәуелсіздік сарайында сағат 10:00-19:00 өтеді.

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы арбамен билеуден ҚР Чемпионаты ҚР Паралимпиадалық комитетінің, «Нұр Отан» партиясының, ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің, Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының, Астана қаласының Мәдениет басқармасының және «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» ҚБ қолдауымен өткізіледі. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109