1093

Сарыарқа ауданында заңсыз қоқыс үйінділері жойылады

Астанада Сарыарқа ауданында экологиялық айлық барысында заңсыз қоқыс үйінділері жойылады. Сарыбұлақ бұлағының маңында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдар бұлақ арнасын, айдынын және іргелес аумақты тазартады. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Астанада Сарыарқа ауданында экологиялық айлық барысында заңсыз қоқыс үйінділері жойылады. Сарыбұлақ бұлағының маңында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдар бұлақ арнасын, айдынын және іргелес аумақты тазартады. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Аудандағы құрылыс компаниялары құрылыс алаңдарының қоршауларын және іргелес аумақтардағы қоқыстарды жинайды. Тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында орналасқан нысан иелері витриналар мен кіретін есіктерді жуады.

Айта кетейік, 2014 жылғы 19 сәуірде Сарыарқа ауданында жалпы қалалық экологиялық сенбілікке 35 мыңнан астам адам қатыспақ: ПИК, ЖОО, орта кәсіптік оқу мекемелерінің, білім және денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері және т.б.

Экологиялық айлықты және жалпы қалалық сенбілікті тиімді өткізу үшін аудан аумағы 4 орамға, сондай-ақ Өндіріс пен Көктал тұрғын алабтарына бөлінді.

Сонымен қатар, Н.Тілендиев даңғылында 450 ағаш отырғызылады. Қазіргі уақытта ағаш отырғызатын орындар дайындалуда, 230 ор қазылды.

«Астана Зеленстрой» мердігерлік ұйымы скверлерді жинау, гүлзәрларды тазарту және ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізеді. Жалпы қалалық сенбілік аясында 100 техника, соның ішінде 80 жүк көлігі және 20 тиегіш тартылмақ.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109