1083

Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық пантеонының үздік жобалары таныстырылды

Астанада Тәуелсіздік сарайында Қабанбай батыр кенті ауданында орналасатын Қазақстан Республикасының Ұлттық пантеонының үздік эскиз идеясына халықаралық сәулет байқауы бойынша еңбектер таныстырылды. Аталған іс-шара Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың төрағалығымен өтті.

Астанада Тәуелсіздік сарайында Қабанбай батыр кенті ауданында орналасатын Қазақстан Республикасының Ұлттық пантеонының үздік эскиз идеясына халықаралық сәулет байқауы бойынша еңбектер таныстырылды. 

Аталған іс-шара Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың төрағалығымен өтті. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады. 

Байқауға осындай объектілерді жобалауда тәжірибелері бар 7 үздік компания, соның ішінде, 3 шетелдік (АҚШ, Италия, Иран) және 4 Қазақстандық компания қатысты. Атап айтқанда, «KAZGOR» ЖШС (Қазақстан), Қазақстанның сәулетшілер одағы (Қазақстан), Қазақстанның дизайнерлер одағы (Қазақстан), «Астана бас жоспары ҒЗЖИ» ЖШС (Қазақстан), EDAW AECOM (АҚШ), Марио Кучинелла (Италия), Курош Рафией (Иран).

Байқау талаптарына сәйкес келетін 20 жоба іріктелді, соның ішінде, 7 жоба тапсырыспен және 13 жоба бастамашыл жұмыстар.

Қазақстан Республикасының Ұлттық пантеонының үздік жобалары байқауының қорытындысы Астана қаласының қала құрылысы Кеңесінің мүшелерімен қарастырылғаннан кейін, сондай-ақ, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін Астананың даму мәселелеріне арналған жиналыс қорытындысы бойынша жарияланатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109