1194

Астана жастары ескерткіш маңын тап-таза етті

Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыз, ұлт жанашыры, қазақ әдебиетінің негізін қалаған Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен өнегесі келер ұрпаққа мәңгі рухани азық боларына талас жоқ. Бұл сөзге Сәкен мұрасын жатса жастанып оқып, ұлтжандылық пен адамгершілік қасиетті бойына сіңіріп жүрген мына бүлдіршіндер дәлел бола алады.

Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыз, ұлт жанашыры, қазақ әдебиетінің негізін қалаған Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен өнегесі келер ұрпаққа мәңгі рухани азық боларына талас жоқ. Бұл сөзге Сәкен мұрасын жатса жастанып оқып, ұлтжандылық пен адамгершілік қасиетті бойына сіңіріп жүрген мына бүлдіршіндер дәлел бола алады.

«Ескерткіштер ел тарихы» деп аталатын жастар акциясы аясында оқушылар ескеркіш тазалап, айналасын қопсытумен шектелмеді. Олар Сәкен Сейфуллин мұраждайын аралап көріп, зейін ашып, тағзым етіп қайтты.

Мадина Сүлейменова, Астана қаласы Білім басқармасы бөлімінің басшысы:

Экологиялық айлық аясында ұйымдастырылып отырған Білім басқармасының бастамасы бойынша 6 түрлі акция жүргізіледі. Сол акцияның біреуі «Мұрагерлер белгісі келешекке» деп аталады. Яғни қаламыздағы 24 ескерткішті біз 71 мектептің балаларына бөліп қойдық. Сол ескерткіштерді жуып, тазалап, сол жердегі паркті қалпына келтіреді.

Ал, қаланың екінші бөлінгінде жұмыстың қызған шағы. Қолдарынва қалам, дәптер емес, күрек, тырма ұстаған жастар ескерткішті жуып-шайып, айналасын тап-тұйнақтай етті.

Алмасхан Хабиболла, Астана қаласы №15 мектеп-лицейінің оқушысы:

Біз өз елімізді таза ұстауымыз керек. Көшеде кетіп бара жатып, кез келген адам қоқыс тастайды. Ол экологияға, денсаулығымызға қауіпті. Сондықтан жастар болып, игі бастама көтеріп, қаланы тазартып жатырмыз.

Экологиялық айлық аясында жүргізілген шарада қаланың барлық мектебі атсалысып, қала тазалығын сақтауға осылайша өз үлестерін қоспақ.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109