827

«Біз таза қала үшін!» сенбілігіне 25 мыңға жуық оқушы мен педагог қатысты

12 сәуірде Астанада экологиялық айлық аясында «Біз таза қала үшін!» сенбілігі өтті. Оған 24 320 жоғары сынып оқушысы, тәрбиеші, педагог, колледж студенті, білім саласының қызметкері қатысты. Сарыарқа ауданында сенбілікке 11 142, Алматы ауданында 11 219 және Есіл ауданында 1959 адам тартылды.

12 сәуірде Астанада экологиялық айлық аясында «Біз таза қала үшін!» сенбілігі өтті. Оған 24 320 жоғары сынып оқушысы, тәрбиеші, педагог, колледж студенті, білім саласының қызметкері қатысты. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан хабарлады.

Сарыарқа ауданында сенбілікке 11 142, Алматы ауданында 11 219 және Есіл ауданында 1959 адам тартылды. Балалар күні бойы гүлзарларды тазартып, мектеп аумағын сыпырып, қоқыстарды шығарды.

Алдағы сенбіде өтетін жалпы қалалық сенбілікке мектептер мен колледждердің аумағын жинауға 83 634 адам шығады, соның ішінде жоғары сынып оқушылары, колледж студенттері, оқытушылар, білім қызметкерлері. Алматы ауданынан 37 458, Сарыарқа ауданынан 38 245 және Есіл ауданынан 7 931 адам қатысады.

Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлағандай, елордада осы күндері экологиялық айлық аясында «Мұралар белгісі - келешекке» атты жастар акциясы өткізіліп жатыр. Іс-шара барысында 24 ескерткіш тазартылып, қалпына келтірілді. Акцияның алғашқы күндерінде оқушылар мен студенттер 8 ескерткіштің аумағында сенбілік өткізді. Атап айтқанда, Жеңіс даңғылының бойындағы Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған ескерткіш, Сәкен Сейфуллин, Бауыржан Момышұлы, Абай Құнанбаев және т.б. ескерткіштер. Оқушылар мен студенттер ескерткіштердің негіздерін тазалап, плиталарын жуды, аумағын жинады.

Бұдан басқа, оқушылар әскери жылдардағы өлеңдер оқып, ән айтты, С.Сейфуллин мұражайына экскурсия жасады. Сонымен қатар, «Жасыл автобус» акциясы аясында қатысушылар флаерлер таратып, қала тұрғындарын сенбілікке шақырды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109