Қазақ тілін меңгеріп, салт-дәстүрін құрметту үшін қазақ болып туылу міндетті емес
Таныс болыңыз, бұл – Астана қаласының тұрғыны Жгун
Николай Васильевич. 2006 жылдан бері Ішкі істер органында қызмет етеді. Белорус
отбасында дүниеге келді, достық пен адамгершілікті, қоғаммен араласу мен
кеңшілікті қазақи ортадан көрді. Бала күннен қазақшаға судай. Мемлекеттік тілді
білу парызым деп білетін Николай жүрегі мен тілегі бір көпұлтты еліміздің
азаматы болғанын мақтан тұтады.
Николай Жгун, Астана қаласы Жол-патрульдік полиция Полкінің қызметкері, полиция старшинасы:
Қазақтардың арасында өстім, достарымның барлығы қазақтар.
Николайдың ұжымда сыйлы болуы тек қазақ тілін жетік меңгергендігінен емес. Еліңе адал қызмет ете білсең, еленбейтін еңбек жоқ дейді. Кейіпкеріміздің қазақ тілі мен жеріне деген құрметі сондай, өмірлік жарын да қазақтан таңдаған.
Николай Жгун, Астана қаласы Жол-патрульдік полиция Полкінің қызметкері, полиция старшинасы:
Түнде келемін, балалар ұйықтап жатады. Қасына келіп иіскеймін, балалар тәп-тәтті ғой.
Жанна мен Николай бір ауылда туылып, бір мектепте оқыған. Ал, бірге жұмыс істеп, жақын араласқан соң шаңырақ көтеруді ұйғарған. Қазір бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.
Жанна Садымова, Николайдың жары:
Николай екеуміз жұмысты бірге атқарып жүрміз. 2006 жылы алғаш таныстық. 4-5 жылдан бері бірге тұрамыз. Николай адал, абыроймен қызмет атқарады.
Татулық пен бірлікте, береке мен тірлікте өмір сүріп жатқан отбасы тіл мен дінге, бала тәрбиесіне қатысты кикілжіңге жол берген емес. Тіл меңгермей тіршілік болмасын жақсы білетін жас отбасы заман көшінен қалмау үшін ағылшын тілін де меңгеріп алмақшы.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz